Қара дауыл, қара жел Қазақтың танымында жел – қыс пен жаздың қандай болатынын болжайтын синоптиктік хабаршы. Себебі күзде және көктемде жиі соғатын желдің күш-қуаты мен бағытына қарап, халық алдағы жыл мезгілінің жайлы, жайсыз болатынын аңғарып, соған орай қыс немесе жаз қамын алдын ала ойластыратын болған....