Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезекті түнгі рейд жүргізілді

Кезекті түнгі рейд жүргізілді

Бүгінде ауданда аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейд жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келді.
Қазіргі таңда жасөспірімдерді тәртіпке шақыруды көздеген рейд жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді. Бұл жолы аудан әкімінің орынбары Дәурен Тлеумбетов бастаған кезекті рейдтік топ аудан орталығы - Әйтеке би кентіндегі ойын алаңдары, саябақ, ойын-сауық орталықтары мен компьютер клубтарын аралап түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қоғамдық тәртіпті бақылау барысында кәмелет жасқа толмаған оқушыларға түсіндірме, ата-анасына ескерту жасалды.
Дәурен Оңғарбайұлы бастаған құрам қатарында аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов, аудандық полиция бөлімінің инспекторлары және мектеп директорлары болды.
Айта кетейік, бұған дейін қоғамдық тәртіпті бақылап келген рейд алдағы уақытта бей-берекет тасталған қоқыстарды, шет аймақтарға төгілген кәріз суларын, заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларды анықтау үшін де жұмыс жасайтын болады.
©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
11 ақпан 2026 ж. 66 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728