Жастардың қоғамнан тыс қалуын құп көрмейміз
Статистикалық мәліметтер Қазалы ауданы бойынша 23907 жас бар екендігін көрсетеді. Олардың 12669-ы ерлер болса, 11 238-і әйелдер. Яғни аудан халқының 29,9 процентін осы сала буыны құрап отыр.
Олармен жан-жақты жұмыс жасау үшін арнайы орталық құрылған. Бірнеше жылдан бері түрлі бастамалар көтеріп, игілікті істер атқаруға мұрындық болып жүрген Қазалы ауданы Қоғамдық даму юөлімінің«Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің басшысы Нұрбек Ақпанбетовтен жастардың жайын білмек болдық.
– Нұрбек Нысанбекұлы, біздегі ақпаратта бүгінгі күнге дейін ерікті жастардың қатысуымен 80-нен астам іс-шара өткізгендіктеріңіз жазылған. Тарқата айтсаңыз, не істедіңіздер?
– Иә, түрлі шаралар өтті. Оған, 3000–ға жуық жас қатыстырылды. Ұйымдастырылған шаралардың негізгі бағыты жастардың әл ауқатын көтеру мен шығармашылығын шыңдау, оларды патриоттыққа баулу болып табылады.
Үстіміздегі жылдың 5 айлық көрсеткіші бойынша 30 мәдени шара, 17 спорттық сайыс, 6 кеңес беру акциясы, жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағыттары бойынша 30-дан астам қоғамдық рейдтік шаралар ұйымдастырылып, «Жастарға кеңес» акциясы аясында 800 жасқа кеңес берілді.
Сонымен қатар, ауданымызда жастарды қолдау мақсатында «Жаңа дәуір – Жаңа Қазақстан» тақырыбында жастар фестивалі ұйымдастырылды. Оған барлығы 157 жас қатыстырылып, 4 бағытқа бөлінді. Нәтижесінде, ғылыми жобалар бағыты бойынша үздік деп танылған жеңімпаздарға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу гранты және оқу ақысына 50%, 25% жеңілдікпен оқитын сертифиаттары, бағыттарына байланысты барлығы 300 мың теңгенің көлемінде қаржылай сыйақылар табысталды. Бұл аталған шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Сондай-ақ, ерікті қыз-жігіттердің ұйымдастыруымен алдағы (маусым-тамыз) айларында жастардың бос уақытын тиімді пайлдану мақсатында «Жастар керуені» атты жастар жобасы жүзеге аспақ. Елді мекендерде кешкілік концерттік бағдарламалар өткізіп, көшпелі қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыру жоспарлануда.
– Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулар мен көмектерге қазалылық жастардың қолы жетіп жүр ме?
– Әрине, ауданымызда жыл санап жас кәсіпкерлер қатары артуда. Олардың басым көпшілігі мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алып, өз ісін ашқандар.
Осы жылдың наурыз айында жаңадан кәсіп бастағысы келетін не бар кәсібін кеңейтуге ниетті жастарға 2,5 пайызбен несие беріле бастады. Бұл бағдарлама 2,5%-дық микрокредит жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу мақсатында беріледі. Аталған бағдарламаға сәйкес, 2,5 % несие бойынша жұмысшы топ құрылып аудан көлеміндегі барлық дербес бөлімдер, мекемелерге, білім саласындағы жас мамандарға және жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде қазіргі таңда ауданнан 5 жасқа 3 және 5 миллион теңге көлемінде кәсіп ашу үшін қаржысын алуға мақұлдама берілген.
– NEET санатындағы жастар тасада қалып қойып жатқан жоқ па?
– Жоқ, біз үшін барлық адам маңызды. Жастардың қоғамнан тыс қалуын құп көрмейміз Олардың қоғамға бейімделуіне, түрлі жеңілдіктерге қол жеткізе алуына, мәдени-көпшілік іс-шаралардан қалыс қалмауына күш саламыз.
Қазалы ауданы бойынша NEET санатындағы жас саны 829. Жастардың дерекқорын анықтау мақсатында сәуір айының 7-14 күндері ауданаралық аурухананың арнайы РПН (бекітілген халықтық тізбесі) базасы, жұмыспен қамту орталығының базасы, Қазалы ауданының полиция бөліміндегі көші-қонның базасы бойынша және учаскелік полиция қызметкерлерінің қызметтік планшеттенжеке сәйкестендіру номерлері арқылы нақты байланыс құралдары мен мекен-жайлары анықталды. Осы бойынша адрестік, базалық жұмыстаржүргізілді. Қазіргі таңда аудан бойынша «Отбасылық цифрлық карта» базасында 829 жас өзектендіріліп, 100 процент ақпараттары енгізілді.
Бұдан бөлек, пробация есебінде тіркеуде тұрған жастармен адресті түрде жұмыстар жүргізіп келеміз. Бүгінде 30 жас тіркеуде тұр. Оның 3-уі студент.
Алдағы уақытта да, барлық елді мекендерде жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және NEET санатындағы жастарды мемлекеттік бағдарламаға кеңінен тарту, ауданның шығармашыл жастарымен ауыл жастарының арасында байланыс орнату, ауыл жастарының еркін ұсыныс-пікірін тыңдау шараларын жүзеге асырылатын болады.
– Қоғамда ең өзекті мәселенің бірі – діни тұрақтылық пен сауаттылық. Жат ағаымның жетегінде жүрген жастар жоқ емес. Осы тұста сіздердің тараптарыңыздан түсіндірме жұмыстары жүргізіледі ме?
– Дін мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру тобы 2023 жылдың басынан бері 11 кездесу өткізді. Атап айтқанда, «Діни сауаттылықтың маңыздылығы» тақырыбында «Қазалы Көркем сервис» ЖШС, Қазалы ауданы Полиция бөлімі қызметкерлерімен кездесу, «Тамшы су» ЖШС,Қамқор Вагон» ЖШС «Қазалы вагон жөндеу депосы» филиалының ұжымдарымен, «Қоғамның діни өміріндегі ұлттық құндылықтардың рөлі» тақырыбында Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі, Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің студенттерімен, «Діни экстремистік идеологиядан сақ болайық!» тақырыбында №17 Қазалы ауданының мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі, №18 Қазалы қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, №266 мектеп-лицейі мен №70 орта мектептің оқушыларымен кездесу өтті.
Аудан көлемінде терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында 11 профилактикалық шаралар ұйымдастырылды. Республикалық, облыстық, аудандық теологтардың қатысуымен 20 адрестік профилактикалық жұмыстар жүргізілді. «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шараларын ұйымдастыру» жобасына арнайы қаржы бөлінді. Жоба аясында бейнероликтер арқылы қарсынасихаттық шараларды ұйымдастыру, Діни бірлестіктерге келушілер арасында профилактика объектілерін тарта отырып, кіші футболдан және стол теннисінен жарыс ұйымдастыру, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында бейресми форматта шара ұйымдастыру, жастар арасында қазақстандық құндылықтарды насихаттау тақырыбындағы бейнеролик дайындау сайысын ұйымдастыру шаралары жоспарланған.
Ақпараттық түсіндіру шаралары медиа кеңістікте де ұйымдастырылып келеді, бұл ретте арнайы DIN-KAZALI әлеуметтік желіде парақша ашылған, онда барлығы 2600-ға жуық желі қолданушы тіркелген. Жыл басынан бері дін мәселелері тақырыптарында 7 видеоконтент пен 18-ге жуық ақпарат бөлісілді.
– Сұхбатыңызға рақмет, жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Әңгімелескен
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА