Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі

Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша дауылды ескертулер жарияланды.
Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі
Фото: iStock
«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, 12 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы құбылыстары күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тұман: Шымкент қаласында, Жетісу, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында.
Жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ: Жетісу, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды облыстары мен Ұлытау өңірінде.
Қатты жел: Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында екпіні 23–28, түнде кей уақыттарда 30 м/с және одан да жоғары; Батыс Қазақстан облысында 15–20 м/с; Атырау облысында 15–18 м/с; Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында 15–20 м/с.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Шымкент қ.: 12 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.  
12 қарашада Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28, түнде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 
12 қарашада түнде Жетісу облысының  таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
12 қарашада түнде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
12 қарашада Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. 
12 қарашада түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
12 қарашада Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
12 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
12 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-18 м/с. 
12 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 
12 қарашада түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
12 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
12 қарашада түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
12 қарашада түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. 
12 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман. 
12 қарашада Ақмола облысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
12 қарашада түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. 
12 қарашада Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. 
12 қарашада түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
12 қараша 2026 ж. 18 0

Алданбаудың амалдары

11 қараша 2026 ж. 93

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30