Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Орманшыға жүктелер жауапкершілік жоғары

Орманшыға жүктелер жауапкершілік жоғары

Туған табиғатты аялап, оның қадір-қасиеті сезіну – адамдарға парыз десек те, жыл санап жасыл желегінен жұтаңданып, жануарларынан айырыла бастаған қоршаған ортаға адамзат тарапынан тиіп отырған залал орасаң. Экологиялық аймаққа жататын аудандағы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі табиғатты қорғап, жан-жануарлар дүниесіне жанашырлық танытатын арнаулы орын жағдайын мекеме басшысы Ардақ Кәдірден сұрап-білдік.
– Ардақ мырза, басшылық тізгінін ұстағаныңызға біраз уақыт болған тәжірибелі мамансыз. Сіздер қорғауға тиісті аумақ көлемі қандай? Алдымен сол туралы айтып өтсеңіз...
– Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне қарасты орман қоры жерінің жалпы көлемі 1 785 550 гектарды құрайды. Оның ішіндегі орман басқан алқабы – 890724 гектар жерді алып жатыр.
Қазіргі таңда бұл аумақты қорғауға 3 орманшылық басшысы, 3 орманшылық басшысының көмекшісі, 14 орман шебері және 47 орманшы ­инспектор қызмет істейді.
– Мамандар туралы айтып қалдыңыз. «Орманшы – табиғатқа қорғаншы» дейді. Оларға табиғат қорығаннан өзге қандай жауапкершіліктер жүктелген?
– Рас айтасыз, біздегі мамандар тек қоршаған орта қорғаушылары ғана емес, олардың атқаратын жұмысы көп. Мәселен, жыл барысында 128 тұрғынға «Ағаш кесу және орман билет беру» бағыты бойынша қысқа мерзімге мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 61500 гектар жер беріліп, 1176700 теңге көлемінде қаржы түсірілді. Науқан кезінде арыз-шағымдар мен мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызмет тіркелген жоқ.
Көктем айында 3 гектар жер жаңадан ашылып, қоршалып, жыртылып дайындалды. Оның 1 гектарына мектеп сыр талы қаламшалары, 1 гектарына үйеңкі, қараағаш тұқымдарынан тұқымбақ жасалды. Батыс-Қытай-Батыс Еуропа Халықаралық транзиттік дәлізінің екі жақ бетіндегі 7 гектар жерге күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Әйтеке би кентінің кіреберісіндегі 2,6 гектар қайтадан қоршап, тал көшеттері отырғызылып, күтімге алынды.
110 гектарға қосымша күтіп-баптау жұмыстары, қолмен отау 20 гектарға орындалып, ағаштарды орман потологиялық зерттеу 5000 гектар жерге жүргізілді.
2021 жылы Қызылқұм орманшылығының №95 орамының 15, 16 ,17, 19, 20 телімдеріндегі 2478 гектар жерге сексеуіл зиянкестеріне «Profesional grup» ЖШС жер үсті химиялық жұмыстарын жүргізді.
– Сіздер атқаратын жұмыстың бірі – орман және жануарлар дүниесін күзету және қорғау. Осы бағытта қандай оң өзгерістер бар?
– Мемлекеттік орман қоры учаскесінде орман заңнамасын бұзудың алдын-алу мақсатында 29 рейд ұйымдастырып, аудандық полиция бөлімі және табиғат қорғау полициясымен бірлескен рейдтер 6 рет өтті.
Жыл басынан бері аң-құс ережелерін бұзушыларға 4 дана хаттама толтырылып, 29169 теңге әкімшілік айыппұл, 87477 теңге табиғатқа келтірілген залал қайтарылды. Сонымен қатар орман заңдарын өзге де бұзулар туралы арнаулы белгiлердi жойғандығы үшін 3 рет хаттама толтырылып, барлығы 13126 теңге айыппұл төленді.
– Дала өрттері мен басқа да апаттардың алдын алу жайы ауданда қандай бағытта?
– Өрт қауіпі кезеңінің басталуына орай, орман өртін болдырмау және оның алдын алу үшін аудандық ішкі істер, өртке қарсы бөлімдерімен бірлескен іс-шара жоспары жасалып, аудан әкімінің орынбасарының қолымен бекітілді.
Сондай-ақ көктемгі егіс егу науқаны кезінде ауыл әкімдерімен егіс егетін шаруашылықтарға өрт қауіпсіздігін сақтау және алдын алу мақсатында арнайы 100 дана «ескерту хаттары» және 300 дана үнпарақтар таратылды. Орман қоры жеріне өртті болдырмау тақырыптарына сәйкес жаңадан 6 аншлаг орнатылды.
Орман қорғау қызметкерлері жергілікті тұрғындар арасында орман өртін болдырмау мақсатында 8 үгіт насихат әңгіме өткізіп, шалғайдағы 10 елді мекендерде түсінік жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатта 600 шақырым жердің көне минералды жолақтары жаңартылып, 20 шақырым жерге жаңадан минералды жолақтар жүргізілді.
Қарақұм орманшылығына 2 бақылау мұнарасы орнатылған.
Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын басшылыққа ала отырып, өрт қауіптілігін бәсеңдету мақсатында Қызылқұм орманшылығынан 7770 гектар, Қасқақұлан орманшылығынан 2443,5 гектар жер нақтыланып, кесте жасалып, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мекемесіне жолданды.
Қызылқұм орманшылығынан 2986 гектар, Қасқақұлан орманшылығында бақылап, өртеу жұмыстары жүргізіліп, іргелес аумақтардағы шөптесін өсімдіктерді бақылау барысында қосымша минералды жолақтар жүргізілді.
Қауіпті маусым кезінде 3 өрт оқиғасы орын алды. Олар өз қызметкерлеріміздің күшімен сөндіріліп, оқиғаға байланысты тиісті іс-шаралар жасалып, барлығы 43755 теңге әкімшілік айыппұл,14755 теңге табиғатқа келтірілген залал өндірілді.
Қала және ауыл әкімдіктері, төтенше жағдайлар, полиция бөлімі қатысуымен орман және дала өрттерін алдын алу және болдырмау жөнінде мәжіліс ұйымдастырылды.
– Ақпараттық-насихаттық бағытта қандай бастамалар қолға алынуда?
– Аудан бойынша жергілікті маңызы бар 23 балық шаруашылығы су айдындары бар. Қыркөл, Қаракөл көлдері резервте тұр. «Уылдырық-2021» балықтардың уылдырық шашу кезінде халыққа үгіт насихат, жұмыстары жүргізіліп, жергілікті басылымдарға 8 мақала жарияланды.
Аудан көлемінде күріштік алқаптардан 308000 дана балық шабақтары құтқару жұмыстары жүргізілді.
– Алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіздер...
– 2022 жылы көктем айында 6000 гектар орман қорына ағаш егу, 10 гектар жерге тұқымбақ жасау және 1 гектар алқапқа мектеп (школа) жасау, жаз айларында 110 гектар екпелерді күтіп-баптау жұмысы, 20 гектар қолмен отау, 600 шақырымдық минералды жолақтарды жаңарту және 20 шақырымдық жаңа жолақтар жүргізу жоспарланып отыр.
Күз айында 8800 келі сексеуіл тұқым жинау, оларды 5000 гектар жерге себу, сондай-ақ алда ағаштарды орман потологиялық зерттеу жұмысын 5000 гектар жерге жүргізу, 12500 гектар орманның табиғи өсуіне ықпал жасау жоспары тұр.
Дегенмен тұрғылықты жердің табиғатын қорғауды біздің мекеме қызметкерлеріне тиесілі санамай, әрбір тұрғын атсалысуы – ортақ міндетке айналуы тиіс.
– Уақыт бөлгеніңізге рахмет!

Сұхбаттасқан
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
08 ақпан 2022 ж. 972 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 55

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 61

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 47

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930