Қызылордада қауіпті дрифт жасаған екі жүргізуші 5 тәулікке қамалды
20 жастағы екі тұрғын жолда қауіпті маневр жасап, 13 әкімшілік хаттамаға іліккен.
Фото istockphotos.com
Қызылордада BMW және Lexus маркалы көліктерімен қауіпті дрифт жасаған екі жүргізуші жауапқа тартылды. Құқық бұзушылар әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған.Полицейлер тапқан бейнежазбада жүргізушілердің көліктерін бір орында айналдырып, қауіпті маневр жасағаны көрінеді. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысушылардың жеке басын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Олар облыс орталығының 20 жастағы тұрғындары болып шықты.
Екі жүргізушіге қатысты барлығы 13 әкімшілік хаттама толтырылды. Анықталған құқық бұзушылықтардың қатарында маневр жасау, қауіпсіздік белдігін пайдалану және көлікті тоқтату ережелерін бұзу, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған техникалық ақауы бар автокөлікті басқару деректері бар.
Бұдан бөлек, жүргізушілер жолда апатты жағдай туғызып, өзге көлік қозғалысына кедергі келтірген. Олардың бірінде көлік басқару құқығы да болмаған.
Сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін екі жүргізуші де бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Полиция өкілдері жолдағы мұндай әрекеттердің қауіпті екенін ескертті.
Қауіпті дрифт пен жолдағы тәуекелді маневрлер айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіреді. Жол қозғалысына қатысушылар белгіленген ережелерді сақтап, өздерінің және өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы керек, – деп атап өтті ведомство.
Қызылордада BMW және Lexus маркалы көліктерімен қауіпті дрифт жасаған екі жүргізуші жауапқа тартылды. Құқық бұзушылар әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған.
Полицейлер тапқан бейнежазбада жүргізушілердің көліктерін бір орында айналдырып, қауіпті маневр жасағаны көрінеді. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысушылардың жеке басын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Олар облыс орталығының 20 жастағы тұрғындары болып шықты.
Екі жүргізушіге қатысты барлығы 13 әкімшілік хаттама толтырылды. Анықталған құқық бұзушылықтардың қатарында маневр жасау, қауіпсіздік белдігін пайдалану және көлікті тоқтату ережелерін бұзу, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған техникалық ақауы бар автокөлікті басқару деректері бар.
Бұдан бөлек, жүргізушілер жолда апатты жағдай туғызып, өзге көлік қозғалысына кедергі келтірген. Олардың бірінде көлік басқару құқығы да болмаған.
Сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін екі жүргізуші де бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Полиция өкілдері жолдағы мұндай әрекеттердің қауіпті екенін ескертті.
Қауіпті дрифт пен жолдағы тәуекелді маневрлер айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіреді. Жол қозғалысына қатысушылар белгіленген ережелерді сақтап, өздерінің және өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы керек, – деді ведомство.












