Артық салмақтан арыла алмаудың тосын себебі аталды
Фото: pixabay.comҰйқының үнемі қанбауы және ағзаның толық тынықпауы адамның қарнын жиі аштырып, тәтті тағамдарға деген құмарлығын арттырады. Эндокринолог дәрігері Александр Фарманов "Газета.Ru" басылымына берген сұхбатында артық салмақтан арылуға кедергі келтіретін осы факторға назар аударды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Адамның ашығуы мен тойынуын реттеуге грелин және лептин гормондары қатысады. Грелин миға тамақтану қажеттігін білдірсе, лептин ағзада энергия қоры жеткілікті екенін хабарлайды.
Ұйқы қанбаған кезде бұл гормондардың жұмысы бұзылып, адам әдеттегідей тамақтанса да, қайта-қайта ас ішкісі келуі мүмкін. Сонымен қатар, ұйқының жетіспеуі тағам таңдауына да әсер етеді. Мұндайда адам тәтті, ұннан жасалған немесе құнарлылығы жоғары тағамдарға көбірек құмартады.
Бұған қоса, ұйқысы қанбаған адамның бойында сергектік азайып, өзін-өзі бақылауы қиындайды. Соның салдарынан тамақ жеу көңіл күйді көтерудің бір жолы ретінде қабылдануы мүмкін.
"Түнгі ұйқының сапалы болуы үшін демалысқа жеткілікті уақыт бөлумен қатар, жатын бөлменің жағдайына да мән берген жөн. Терезеден түсетін жарық, бөгде дыбыстар, бөлменің қапырық болуы немесе төсек-орынның жайсыздығы адамның тынығуына кедергі келтіріп, ұйқы сапасын төмендетеді" , – деді Фарманов.













