Жерде полярлық шұғыла пайда болуы мүмкін
freepik.comСоңғы екі тәулікте күн желінің жылдамдығы 700 км/с-қа дейін жетіп, Жерде Kp5+ деңгейіндегі магниттік дауыл тіркелді. Соның әсерінен полярлық шұғылалардың қарқындылығы артып келеді.
Жерде Kp5+ деңгейіндегі магниттік дауыл тіркелді. Бұған Күндегі короналдық тесіктен шыққан плазма ағыны себеп болған. Планета бұл ағынның аймағына өткен түнде енген.
Ресейдің Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше, соңғы екі тәулікте Жер маңындағы күн желінің жылдамдығы шамамен 300-ден 700 км/с-қа дейін артқан. Соған қарамастан, магнитосфера біраз уақыт тұрақты күйде болған. Алайда кейін магниттік дауыл басталды.
Қазір полярлық шұғылалардың қарқындылығы жылдам артып келеді. Ауа райы ашық болса, алғашқы әлсіз жарқылды Ресейдің солтүстік-батысынан көруге болады.










