Орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі
Елімізде орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды egemen.kz
«Республикалық бюджет жүктемесін төмендету, ормандарды қорғау мәселесінде жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру мақсатында 2002 жылы облыс әкімдіктерінің жедел басқаруына орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі 124 мемлекеттік мекеме берілген болатын. Қазіргі уақытта ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің базасында жаңа орман шаруашылықтарының құрылуына байланысты облыс әкімдіктерінің қарауында 120 орман шаруашылығы бар. Оларға 22,6 млн гектар немесе мемлекеттік орман қоры жалпы аумағының 74,7 пайызы бекітілген», деді вице-премьер жауабында.
Оның атап өтуінше, биыл БҰҰ даму бағдарламасы мен Жаһандық экологиялық қоры ормандарды басқарудың мақсатты сценарийіне сараптама жүргізген. Сараптама қорытындысы аталған кезеңде облыс әкімдіктерінің қарамағына берілген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің лайықты деңгейде дамымағанын көрсеткен.
«Осыған орай өкілетті мемлекеттік орган қазіргі қолданыстағы орман шаруашылығын басқару, жоспарлау және бюджет қаражатын бөлу тиімділігіне бағалау жүргізеді. Бұған қоса, Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, Үкіметке осы жылдың соңына дейін азаматтық қызметшілердің ең төменгі жалақысын арттыру бөлігінде заңнамаға қажетті өзгертулер енгізуді қамтамасыз ету тапсырылған. Осыған байланысты қазіргі уақытта азаматтық қызметшілер лауазымы тізіліміне орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерін қосу мәселесі қарастырылып жатыр», деді Роман Скляр.