Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақстандық вакцина қауқарлы

Қазақстандық вакцина қауқарлы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институты COVID-19-ға қарсы инактивті вакцина жасап шығарғаны белгілі. «Қолданысқа енген «QazVac» вакцинасының қауқары қандай, ол қалай әзірленді? Ревакцинациялаудың қажеттілігі қанша?» деген сауалдарды институттың Микроағзалар коллекциясы зертханасының меңгерушісі, РhD «QazVac» вакцинасын әзірлеушілердің бірі – Қуандық Жүгінісовке жолдаған едік.
– Қуандық Дәулетбайұлы, вакцина қалай дайындалды?
– Ең алғаш рет 2020 жылы Қазақстан карантинге жабылған кезде Үкімет тарапынан бізге шұғыл түрде вакцина дайындау керектігі жөнінде тапсырма түсті. Басшымыз Күнсұлу Дальтонқызы үлкен кеңес өткізді. Ақылдаса келе бес түрлі вакцина дайындауға шешім қабылданды. Соның ішіндегі «QazVac» вакцинасына тоқталайын. Вакцина дайындалар сәтте ғылыми техникалық бағдарлама әзірленді. Ең алдымен инактивтіленген вакцина дайындау керек болды. Өндірісте өзін-өзі ақтаған медициналық тәжірибеде бұрыннан келе жатқан технология әрі басқаларға қарағанда жылдам. Біз вирусты Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасында ковидпен ауырған адамдардан алдық. Мұрнынан аққан су, сілекейінен жағынды алынды.
Вакцина дайындау бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші арнайы ыдыстарда өсірілген клеткаларда вирус өсіріледі. Екінші инактивациялау кезеңі. Яғни әртүрлі химиялық зат қолдану арқылы вирусты өлтіреміз. Үшінші кезеңде құрамындағы бөгде заттардан тазалаймыз. Тазалаудың өзі 4 кезеңнен тұрады. Қажет емес заттар сүзгіде қалып қояды да вирустың өзі сүзіліп шығады. Сол тазартылған вирусқа адъювант қосылады. Адъювант – иммунитетті қуаттандырғыш зат. Сосын арнайы флакондарға құйылады. Дайындауға бір ай, бақылаудан өткізуге бір ай уақыт кетеді. Ең басында вакцинаны бір дозадан шығарған болатынбыз, бірақ кейіннен пандемиялық жағдайға байланысты бір дозадан құйып отыру ұзақ уақытты алатындықтан үш дозадан құйып шығара бастадық.
Ең алдымен жануарларға тексерілді. Жақсы нәтиже алғаннан кейін вакцинаны дайындауға қатысқан ғалымдарға сынады. Бәрі жақсы өтті. Бірінші, екінші клиникалық сынақтан өтті. Жақында үшінші клиникалық сынақта аяқталды. Сынақ нәтижелері бойынша шет елдердегі танымалдығы жоғары басылым беттерінде мақала жарияланды.
– Құрамы қандай?
– Жоғарыда атап өткенімдей бұл бұрыннан келе жатқан технология. Өте қауіпсіз яғни адамдарда сыналған. Құрамында көп өзгешелік жоқ. COVID-19-дың тазартылған вирусы, тұзды ертінділер және адъювант бар.
– Жанама әсерлері бола ма?
– Кез келген екпедегідей вакцинаның да жанама әсері бар. Ол болуға тиісті жанама әсерлер болып есептеледі. Мәселен, бас ауру, әлсіздік, аздап температураның көтерілуі, ине салған жердің ауруы. Бұл белгілер уақытша. Ары кетсе бір-екі күннен кейін жойылады. Барлық адамда бола бермеуі де мүмкін. Әр адамның тұлғалық иммунитетіне байланысты.
– Вакцина қалай сақталады? Қазақстанның өзге аймақтарына жеткізу кезінде қандай сақтық шараларын ескерген жөн?
– Сақталу технологиясы өте қарапайым. Тұрмыстық тоңазытқыштарда -2, -8 ­градустарда сақтай береді. Бұл өте ыңғайлы, себебі, елде медициналық мекемелердің барлығында тұрмыстық тоңазытқыштар табылады. Ал, шетелдік вакциналар -20 градуста сақталуы тиіс. Бұл мұз сияқты қатырып тастау деген сөз.
СК-фармациялардың қоймаларына жеткізу үшін -2, -8 градуста температураны сақтайтын тоңазытқышты автомобильдері бар. Қоймаларға түскенде де сол температурада сақталады. Ең ­басты талап – сақтау шараларын қатаң ұстау керек. Сол кезде вакцина қасиетін жоғалтпайды.
– Жүкті және емізулі аналарға бола ма? Балалар неше жастан салдыра алады?
– Бұл жөнінде айтуға әлі ерте. Себебі, Қазақстандық вакцина жүкті және емізулі аналарға, балаларға әлі тексерілген жоқ. Алдағы уақытта денсаулық сақтау министрлігі рұқсат беріп жатса, тексерілуі мүмкін. Басқа вакциналар туралы айтар болсақ, қазіргі кезде «Pfizer» жас балалар мен жүкті әйелдерге салдыруға рұқсат етілген және тексерілген.
– Вакцина өзге елдерге экспортталады ма?
– Экспорттау мәселесі мемлекеттік деңгейде қарастырылып жатыр. Шет елге шығару жоспарда бар. Алдымен вакцинаны дүинежүзілік денсаулық сақтау ұйымына тіркеуден өту керек. Тіркеудің бірнеше сатылары бар.
Жақында вакцинаның алғашқы партиясы Қырғызстанға жіберілді. Ол жақта тіркелді. Айта кетер жайт, бұл гумнитарлық көмек ретінде жіберілді, экспортқа шығарылған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швецарияға барған сапарында қазақстандық вакцинаны экспортқа шығару жөнінде мәселелерді көтерді. Аталған елмен арада келісімшарт жүргізіліп жатыр. Сыртқа шығауы да мүмкін. Уақыттың еншісінде.
– Ревакцинация деген не және бұл туралы халық нені білу керек? Осы уақытқа дейін вакцинациялаудың бірінші, екінші кезеңдерінде «QazVac» вакцинасын қабылдаған адам үшінші мәрте осы вакцинаны алғаны дұрыс па әлде өзге вакцинаны салдыруға бола ма?
– Адам бір рет вакцина алғаннан кейін антидененің деңгейі белгілі бір мерзімге дейін сақталады. Одан кейін жойылып кетеді. Сол себепті ревакцинация жасалады. Яғни, вакцинаны қайта салдыру. Алғаш оргазимге вакцина түскен кезде иммунитет соған жауап ретінде антидене түзе бастайды. Антиденелердің деңгейі жеткеннен кейін ол төмендейді. Вакцинаны екінші рет салған кезде организмде вирусты танитын ерекше клетка, яғни еске сақтау қабілеті бар клеткалар пайда болады. Олар ағзаға түскен бөгде затты таниды да қайтадан жұмыс істей бастайды. Бұл жолы алғашқыға қарағанда қатты жұмыс істеп антиденені күшейтеді. Ревакцинация қажеттілігі осыдан шыққан.
«QazVac» вакцинасын үшінші рет алуға болады. Жалпы үшінші кезеңде кез келген вакцинаны таңдай алады. Нақты мынаны ғана алу керек деген талап жоқ.
– Уақыт бөліп, көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап бергеніңізге рахмет.

Сұхбаттасқан,
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
11 желтоқсан 2021 ж. 568 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 65

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930