Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айбек Оралбай бокстан әлем чемпионы атанды

Айбек Оралбай бокстан әлем чемпионы атанды

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Айбек Оралбай (90 келі) алтын медаль алды, - деп хабарлайды KAZINFORM
Фото: Қазақстан ҰОК
Отандасымыз финалда өзбекстандық Джахонгир Зокировпен қолғап түйістірді. Бірінші және екінші раундта Айбек қарсыласына есе жіберсе, шешуші раундта қарсыласын қапы қалдырды.
Осылайша Айбек ел құрамасына жетінші алтын медальды салды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Махмұд Сабырхан (55 келі), Санжар Ташкенбай (50 келі) және Алуа Балқыбекова (51 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (70 келі) әлем чемпионы атанса, Назым Қызайбай (48 келі) күміс жүлдегер болды.
Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатыр. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетілді.

Әлемнің әр қиырынан келген боксшылар 4-10 қыркүйек аралығында іріктеу кезеңінде бақ сынады. Ал 12-13 қыркүйекте жартылай финалдық, 13-14 қыркүйекте финалдық бәсекелер өтті.

15 қыркүйек 2025 ж. 83 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930