Қазан айында қазақстандықтар қанша күн демалады

Қазан айында бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететін қазақстандықтар тоғыз күн демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күздің екінші айында ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Ол 25 қазанда тойланады. Биыл бұл күн сенбіге сәйкес келіп тұр, сондықтан қосымша демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша бес күндік жұмыс режиміндегі қазақстандықтар үш күн қатарынан – 25, 26 және 27 қазанда демалады.
1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланған еді.
Республика күні 1995 жылдың қазан айында ұлттық мереке ретінде бекітілді, алайда 2009 жылдан бастап аталып өтпей қалды. 2022 жылдың қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заңға сәйкес, 25 қазан қайтадан ұлттық мереке – Республика күні болып белгіленді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 1 маусым – Балаларды қорғау күніне қосымша демалыс енгізу туралы ұсынысқарастырылып жатқанын жазған едік. Бұл бастаманы еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі қолдады, бірақ түпкілікті шешімді үкімет әлі қабылдаған жоқ.