Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Соңғы күндері елде үш жол апатынан 25 адам қайтыс болды

Соңғы күндері елде үш жол апатынан 25 адам қайтыс болды

Фото: Depositphotos
ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады
11 қыркүйекте Маңғыстау облысында шағын автобустың аударылуы салдарынан 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
14 қыркүйекте Жетісу облысында үш көліктің соқтығысып, тағы 10 адамның өмірін қиды, апаттың себебі қарсы бағытқа шығу болған.
Қарағанды облысында да дәл осындай себеппен жол-көлік оқиғасы болып, 5 адам қаза тапты.
"Қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл — жай ғана жол апаттары емес. Бұл — орны толмас адам шығындары", — деді ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов.
Аталған оқиғалар бойынша қылмыстық істер қозғалды. ІІМ тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ, өкінішке қарай, ешқандай тергеу қаза тапқандардың өмірін қайтара алмайды.
"Барша жүргізушілерге үндеу жолдаймыз: жол қателікті кешірмейді. Жылдамдықты арттыру, қарсы бағытқа шығу, қауіпті маневр жасау, қауіпсіздік белдігін тақпау мұның бәрі адам өміріне қауіп төндіретін қателік", — деді Ғалым Сарғұлов.
Ішкі істер министрлігі жолдағы бақылауды күшейтуде. Ауқымды тексерістер, рейдтер, қалааралық бағыттар мен жеке тасымалдаушыларға мониторинг жүргізіледі. Көліктің техникалық жағдайына және жүргізушілердің жауапкершілігіне ерекше назар аударылады.
15 қыркүйек 2025 ж. 284 0

Қуанса, бала қуансын!

26 желтоқсан 2025 ж. 153

Бүгінгі доллар бағамы қандай

26 желтоқсан 2025 ж. 229

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031