Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері 529 мың қазақстандық жұмысқа орналасты

Жыл басынан бері 529 мың қазақстандық жұмысқа орналасты

Фото: pixabay.com
2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 237,3 мың адам қамтылды, ал жалпы 529,6 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мансап орталықтары арқылы 137 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілді:
әлеуметтік жұмыс орындарында – 12 мың,
жастар практикасында – 12,6 мың,
қоғамдық жұмыстарда – 92,8 мың,
«Күміс жас» жобасында – 15,9 мың,
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша – 3,5 мың,
«Ұрпақтар келісімшарты» шеңберінде – 171 адам.

Сонымен қатар:
сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытуға – 51,1 мың адам тартылды (оның 47,6 мыңы оқуын аяқтады);
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша – 44,3 мың адам оқыды (25,4 мыңы сертификат алды);
жұмыс берушілердің өтінішімен кәсіптік оқытуға – 4 892 адам жіберіліп, 375-і оқу соңында жұмысқа орналасты.
Жыл басынан бері 261,9 мың азамат кәсіптік бағдарлау мен кеңес алу қызметтерін пайдаланды.

Жалпы жұмыспен қамтылғандардың ішінде:
белсенді шаралар шеңберінде – 137 мың адам,
Электрондық еңбек биржасы арқылы – 108,7 мың,
Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы бойынша – 263,9 мың,
мемлекеттік жобалар аясында – 20 мың адам бар.
Биыл әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін 400 АЕК-ке дейінгі (1,57 млн теңге) гранттар қарастырылған. 1 қыркүйекке дейін республика бойынша 4 287 грант берілді.
15 қыркүйек 2025 ж. 104 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930