Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ажырасатындар саны азайып келеді – статистика

Қазақстанда ажырасатындар саны азайып келеді – статистика

Қазақстанда ажырасатындар саны азайып келеді – статистикаPixabay.com
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстандағы ажырасатындар азайып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Министр қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтап, елімізде отбасы институты нығайып келе жатқанын атап өтті.
САНДАР
Социологиялық деректерге сәйкес, қазақстандықтардың басым көпшілігі (85-89%) үшін ерлі-зайыпты мен бала арасындағы қарым-қатынаста өзара сүйіспеншілік, құрмет пен түсіністік басты құндылық болып қала береді. Елде ажырасу санының азаю үрдісі байқалады. Кейінгі бес жылда олардың саны шамамен 16% төмендеді (2020 жылы 48,2 мың жағдайдан 2024 жылы 40,5 мыңға дейін).
СОТТАҒЫ ТАТУЛАСУ
Балаеваның айтуынша, отбасы институтын нығайтуға арнайы жобалар мен бағдарламалар ықпал етіп отыр. 2019 жылдан бері кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттарда «Бақытты отбасы» жобасы жүзеге асырылып келеді. Оның аясында психологтар, заңгерлер, медиаторлар және әлеуметтік қызметкерлер кеңес береді.
– 2024 жылы істердің 37,5%-ы екі тараптың татуласуымен аяқталды (2023 жылы – 33,1%). Бұл жоба тиімділігін көрсетіп отыр, – деді министр.
Еске салайық, Отбасы күні 2013 жылғы 1 наурыздағы жарлықпен бекітіліп, содан бері жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі.
14 қыркүйек 2025 ж. 41 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930