Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тәуелсіздік құрдастарымен кездесті

Тәуелсіздік құрдастарымен кездесті


16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге биыл 26 жыл толды. Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай 14 желтоқсан күні Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінде «Тәуелсіздік-қасиет қонған ұлы ұғым» атты тәуелсіздік құрдастарымен кездесу кеші өтті. 
Бұл шараға қала әкімінің орынбасары Әбілхан Алмат мырза, желтоқсан оқиғасының куәгері Айсара Қасымқызы, әр салада қызмет жасап жүрген тәуелсіздік құрдастары мен қалада орналасқан №16, №17, №95 мектептің оқушылары, агро-техникалық колледж студенттерінің белсенді, жігерлі жастары және музей жанынан ұйымдастырылған «Жас ғанитанушылар» үйірмесінің мүшелері қатысты. Шараның бірінші бөлімінде алдымен қазақ елінің тәуелсіздік алғанға дейінгі басынан кешкен кезеңдеріне тоқталып, видеороликтер, арнайы дайындалған виртуалды көрме көрсетіліп, ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Сонымен бірге, үйірме оқушылары әдеби монтаж оқып, тәуелсіздікке өз өлеңдерін арнап, ән айтып, би биледі. Ал, екінші бөліміміз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған жылы дүние есігін ашқан, келешегінен зор үміт күттірген, еліміздің тірегі, тілегі бола білген, бүгінде жас болғанына қарамастан өзіндік бір салада үздік көрсете алған мемлекеттік марапаттардың иегерлері, ғылыми жұмыстардың авторлары, журналистика, білім, денсаулық, спорт саласының қызметкерлерімен қолөнерді, кәсіпкерлікті дөңгелеткен жастар және қайырымды ақ халатты жандар – дарынды да, талантты тәуелсіздіктің құрдастарына арналды. Шараға тәуелсіздік құрдастары: №70 Жанқожа батыр атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қайыпназарова Нұрсыйла, аудандық аурухананың хирург- дәрігері Құлмұратова Гүлжазира, «Нұр Отан» партиясының Қазалы аудандық филиалының консультанты және «Қазалы -Жомарт» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Иманалиева Гүлдәрі, ОРМБЖМ-де әдіскер Кадиров Дәулет, «Қазалы» газетінің тілшісі Талапбаева Ұлболсын, ұлттық мәдениетіміздегі қазақ халқының ою-өрнектерін тұрмыстық бұйымдарға пайдаланып, дәріптеп жүрген қолөнер шебері Асанова Мархаббат қатысты.
Олар өздерінің атқарып жатқан жұмыстары мен жеткен жетістіктерін айта отырып, тәуелсіздік күнімен құттықтады. Қатысқан тәуелсіздік құрдастарына арнайы слайд дайындалып, оқушыларға үлгі өнеге ретінде көрсетілді. Студенттер мен оқушылар аға-апаларына әр түрлі сұрақтар қойып белсенді қатысты. Шараны музей директоры Роза Асанова қорытындылап, тәуелсіздік құрдастарына өз мамандықтары бойынша тағайындалған номинацияларды Әлібек Сералының (музейде жастар тәжірибесінен өтуші) әр қатысушыға арнап шығарған өлеңімен табыстады. Келген қонақтарға 2017 жылы шыққан «Ғанидың Қазалылық ізбасарлары» кітабы сыйға берілді. Кешті музейдің ғылыми қызметкері Ақерке Бердібай мен Әлібек Сералы жүргізді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат. 
15 желтоқсан 2017 ж. 4 356 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031