Жүргізушілерге ауа райына байланысты ескерту жасалды
Еліміздің алты өңіріндегі жолдарда қолайсыз ауа райы күтіледі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол жамылғысы тайғақ болуы мүмкін.
Жүргізушілерге барынша сақ болу, жол жағдайына қарай қауіпсіз жылдамдықты таңдау, көлік арасындағы қашықтықты сақтау және күрт маневр жасаудан аулақ болу ұсынылады.












