Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазгидромет ауа райына байланысты маңызды ескерту жасады

Қазгидромет ауа райына байланысты маңызды ескерту жасады

Фото: istockphoto
"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанның бірқатар облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Кей өңірлерде желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетіп, үсік, көктайғақ пен тұман болады. Сонымен қатар бірнеше облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыс бойынша 1-6 градус үсік болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта түнде 1-3 градус үсік болады. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: кей уақытта тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың батысында 1 градус үсік болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда түнде 1-3 градус үсік болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыс бойынша 4-9 градус үсік болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 7-9 градус үсік болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыс бойынша 1-6 градус үсік болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады.

30 қазан 2026 ж. 46 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031