Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тәртіп сақшыларының тағылымы

Тәртіп сақшыларының тағылымы

Ел Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының күнделікті өміріміздің қай саласында да алар орны айрықша. Ондағы «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» деген лебізі ұлттық үрдісті ұлықтауға үндейді.
Жақында осы міндетке сәйкес аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ғалымжан Ешпановтың бастамасымен Наурыз мерекесі қарсаңында ізгілікті шара қолға алынды. Сөйтіп, Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр мешітіндегі кең дастарқан басында ұжым қызметкерлері мен ардагерлер қауымы бас қосты. Әріптестері әр жылдары қоғамдық тәртіпті нығайту жолында қызмет істеп, дүниеден өткен бір топ ардақты азаматтарды еске алды. Жиынға марқұмдардың отбасы мүшелері де арнайы шақырумен қатысты.
Имандылықты арқау еткен жиын төрінде сөз алған аудандық ішкі істер бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәстен Айбосынов:
– Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы баршаңызға құтты болсын. Ежелгі заманнан өшпей келе жатқан ұлттық мереке адамдарды бауырмалдылыққа, ізгілікке, кешірімділік пен ауызбіршілікке бастайды. Осындай жақсы кезеңде есте қаларлық маңызды жиын ұйымдастырып жатқан ұжым басшысы мен қосшыларына барлық қатысушылар атынан шынайы көңілден шыққан алғысымды білдіремін.
«Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді. Сол айтылғандай татар тұз-дәмі таусылып, бақилыққа аттанған бауырларымызды еске түсіріп, рухтарына дұға бағыштау тірілердің міндеті. Жақсы бастама кейін де жалғасын тауып жатса, ешкандай артық етпейді. Бәріңнің де істеріңе сәттілік, еңбектеріңе табыс тілеймін, – деді.
Бұдан басқа полиция ардагері Жұбатқан Бейсенов, Бақытбек Тотанов, бүгінде арамызда жоқ тәртіп сақшылары Сабыржан Әбдікеровтің әкесі Қуанышбек, Итбай Әлмағамбетовтің зайыбы Шәрбану еске алу шарасын өткізушілерге риясыз ризашылықтарын жеткізді. Сондай-ақ, мешіттің дін қызметкерлері тазалық, адамгершілік, сыйластық туралы уағыздарын айтты.
Жиналғандар әзірленген астан дәм татып, марқұм болғандардың рухтарына құра-хатым жасалды.
Сахи ҚАПАР
27 наурыз 2018 ж. 1 846 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 133

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 125

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 93

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031