Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 қарашада Алматыда жүгіру жарысына байланысты бірқатар көше жабылады

15 қарашада Алматыда жүгіру жарысына байланысты бірқатар көше жабылады

2026 жылғы 15 қараша, жексенбі күні Алматыда маусымның қорытынды жүгіру жарысы – City Run өтеді. Осыған байланысты қала әкімдігі 12 қарашада тұрғындарға бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектелетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін жарыс бағыты өтетін көшелерде қозғалысқа уақытша шектеу қойылады. Спортшылар тиісті учаскелерден өткен сайын жолдар қайта ашылады.
Жарыс "Астана" алаңынан басталып, сол жерде мәресіне жетеді. Сондықтан 15 қарашада сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі бөлігінде екі бағыттағы көлік қозғалысы тоқтатылады.
Бұдан бөлек, мына көше бөліктері толық жабылады:
  • Төле би көшесі: Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін – сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін;
  • Наурызбай батыр көшесі: Төле би көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін – сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін;
  • Бөгенбай батыр көшесі: Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін – сағат 08:00-ден 09:35-ке дейін;
  • Қабанбай батыр көшесі: Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін – сағат 08:00-ден 09:15-ке дейін;
  • Шевченко көшесі: Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін – сағат 08:00-ден 08:55-ке дейін;
  • Құрманғазы көшесі: Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін – сағат 08:00-ден 08:35-ке дейін.
Жарысқа 20-дан астам елден 2 500 адам қатысатыны хабарланды.
Бұған дейін Алматы тұрғыны метро пойызымен жарысып, жеңіске жеткен еді.
12 қараша 2026 ж. 103 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30