Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел есіндегі ерлік

Ел есіндегі ерлік

Тарих парағына «Арықбалық шайқасы» деген атпен енген зардабы мал бағып, шаруа жайын күйттеген жалпақ жұртқа аса ауыр тиген Ресей патшасы билеушілерінің шектен шыққан озбырлығына, құлдық санаға қарсы Жанқожа Нұрмұхамедұлы батыр бабамыз бастаған Сыр өңірі жұртшылығы бас көтерген оқиғаға 162 жыл толды.

«1857 жылы қаңтар айының 9-10-ы күндері Арықбалықта болған ұрыста батырдың қолының саны үш мыңнан астам еді. Шайқас кезінде ақ туды Жанқожа батырдың өзі көтеріп тұрды. Көтерілісшілерге әртүрлі оқ-қарудан 3221 (! ) оқ атылды. Бұл оқтардың барлығы далаға емес, қазақтарға атылған. Бейкүнә пақырлардың біразы ұрыс алаңы – Арықбалықта жан тапсырды. Көтерілісшілердің ізіне түскен А.И.Бутаковтың жазалаушы отряды 9-11 қаңтар аралығында 212 ағаш үйдің шаңырақтарын талқандап, керегелерін қиратып жылынды, солдаттарға тамақ пісіру үшін отқа жақты». (Молдахмет Қаназ).

Сол шайқаста жазықсыз төгілген бауырларымыздың асыл қанын, қыршын кеткен боздақтардың есімін, елім деп жауға шапқан Жанқожа бабамыз бастаған батырлардың ерлігін туған елі мәңгі ұмытпақ емес. Өскен мекені, киелі даласы, қасиетті Арықбалықтың қадір-құнын ұрпақ зердесіне сіңіру – ортақ парыз.

Жуырда батыр есімін иеленген ауылда өткен дəстүрлі аймақтық Әскери-қолданбалы спорт (әскери эстафета және 10 метрден тіреусіз пневматикалық мылтық ату) сайысы ерлер есімі ел есінде екенін дәлелдегендей. Қашанда жағымды жаңалықтың жаршысындай көрінетін танымал спортшы, білікті педагог Алик Тілеумбетов басшылық жасайтын №94 орта мектеп ұжымы бұл жолы да ширақтық танытты. Қазалы аудандық білім бөлімі мен «Отан» қоғамдық бірлестігі демеушілік жасаған осынау байрақты бәсекеге 8 команда қатысты. Жарыс болған соң жеңімпаздардың анықталуы қалыптасқан жайт. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады». Сайыс қорытындысымен Жанқожа батыр ауылы жастары командасы эстафеталық жарыста топ жарып, басжүлдені иеленді. Ал жарысты ұйымдастырушы №94 орта мектеп командасы (жарысқа дайындаған алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімі Алмат Аралбаев) да өзгелерден дара шығып, сайыстың пневматикалық мылтық ату түрінен жеңімпаз атанды. Қалған жүлделі орындарды басқа командалар өзара бөлісті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Біз тілдескен №94 мектеп директоры Алик Тілеумбетов келесі жолы өткізілетін әскери-қолданбалы спорт сайысы жыл аяғында басталып, қаңтар айының 9-жұлдызында қорытындылатынын, мұның өзі азаттық жолында жандарын қиған Арықбалық шайқасы батырларына арналған құрмет нышаны боларын тебірене жеткізді. «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» деп бекер айтпаса керек.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ



23 қаңтар 2019 ж. 1 587 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930