Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда су тасқынын болжайтын ақпараттық орталық жұмысын бастады

Қазақстанда су тасқынын болжайтын ақпараттық орталық жұмысын бастады

Елімізде су тасқынын алдын ала болжауға, су қоймаларының жұмысын модельдеуге және су ресурстарының келу көлемін бағалауға мүмкіндік беретін Су ресурстарының ақпараттық орталығы іске қосылды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов мәлімдеді.

документы
Фото: pexels
Вице-министрдің айтуынша, орталықты құру және оның жұмысын ұйымдастыру мәселесі Мемлекет басшысының 28 қазандағы Жолдауында да айтылған.
– Қазіргі уақытта орталық ашылды, қажетті жұмыстардың бәрі жүргізілді. Енді ол су тасқынын болжаумен айналысады. Сондай-ақ «Қазгидрометпен» бірлесіп, су көлемінің болжамын жасайды, – деді Жандос Сәлімов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Жаңа орталық су шаруашылығы нысандарының, соның ішінде су қоймаларының жұмысын модельдейді. Мамандар олардың жай-күйін, су қозғалысын, су қоймаларына келетін су көлемін бақылап, алдағы кезеңдегі су ресурстарының болжамды мөлшерін бағалайды.
Айта кетейік, Ақмола облысында су тасқынының алдын алу жобаларына 5,5 млрд теңге бөлінді.
Қазақстанның бес облысында көктемгі тасқын суды жер астына жинап, су қорын толықтыру мүмкіндігі зерттелген. 
 


https://kaz.inform.kz/news/haliktik-kurilis-kazakstannin-su-salasina-757-arnayi-tehnika-alinadi-3885c4dd/
12 қараша 2026 ж. 105 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30