Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балықты да бабын білген аулайды

Балықты да бабын білген аулайды

"Ауылына қарап - азаматын таны". Арықбалық ауылдық округінде ұйымдастырылған қысқы балық аулаудан өткен жарыс ел азаматтарының ауызбіршілігі жоғары екенін тағы да дәлелдеді.
Қай нәрсеге де мұрындық болатын азаматтар қай жерден де кездесетіні белгілі. Бұл жолғы бастаманы №94 мектептің мұғалімі, қашанда тура сөзі, өткір мінезімен ерекшеленетін, ауылым деп әманда елеңдеп тұратын Рамазан Нұрым ініміз көтерді. Орынды ұсынысты округ әкімі Сапарбек Қуатов, мектеп директоры Алик Тілеумбетов қостаған соң, әзірлік шараларына қызу дайындық жасалды. Осы ретте Қазалы аудандық білім бөлімінің басшысы Бектұр Қалиев бауырымыздың салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, қысқы балық аулау түрлерін дамыту арқылы елімізде кенжелеп қалған қысқы туризмге тың серпін беру, тағы басқа игі қадамдарды көздеген осынау шараны құлшына құптағанын, білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымымен ақылдаса отырып, нақтылай демеушілік жасағанын, азаматтық танытқанын жеке дара атап кетсек.
Сондай-ақ Олжас Ахметов басшылық жасайтын Аудандық Жастар ресурстық орталығы, Нұрлыбек Есбосынов басқаратын денешынықтыру және спорт бөлімі көмек қолын созып, жанашырлық жасады. 
Сонымен балық аулау жарысына округтегі барлық мекемелерден командалар, жастар, тұрғындар қатысты. Осынау шарада Арықбалық ауылдық округінің әкімі Сапарбек Қуатовтың өзі бастан -аяқ жүруі "әкім бол, халқыңа жақын бол" қағидасын еске түсірді. Жарысқа Алмат Аралбаев пен Рамазан Нұрым, Әлібек Жақсылықов төрешілік жасады. Қортындысында ауылдағы "Жауқазын" балабақшасының ұжымынан жасақталған команда жеңімпаз атанса, округ әкімдігі, мәдениет үйі, мектеп командасы жүлдегерлер қатарынан табылды. Жеке балықшылар арсында ауылдағы "Сарқұл қожа" мешітінің имамы Мұратбек Бәлкеев І орынды жеңіп алды. Рамазан Нұрым мен Мейрамбек Тілеубергенов арнайы жүлде иеленді. Шара соңында Арықбалық ауылдық округінің әкімі Сапарбек Қуатов, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Ырзабай Ғани, №94 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Құлпыбай Құрманәлиев және басқа азаматтар қатысушыларға ақ тілектерін білдіріп, марапаттар тапсырды. Қысқы балық аулау жарысы ағымдағы жылы , әзірше тек осы ауылда өткізілгенін айта кетсек. Жарыс соңында жас балықтан дайындалған сорпа, уыз ауа "Таза ауа жұтқаның, талай ғұмыр ұтқаның" деген даналықтың текке айтылмағанын тағы да дәлелдеді.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,
Жанқожа батыр ауылы.
11 ақпан 2018 ж. 2 617 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930