Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәуліт айы аталып өтті

Мәуліт айы аталып өтті

Өркендеу ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауы, «Жолмырза Ата» мешітінің жамағатының ұйымдастыруымен, дәсүрлі хаһ Исламды насихаттау мақсатында Алла Елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у)-ның туылған күніне арналған «Мәуліт айы-мүбәрәк болсын» атты тақырыпта ұлық мереке - мəуліт мерекесі аталып өтті.
Ұлық мерекеге ауданымыздың бас имамы Берік Сүлейменов пен «Әли-Муса» мешітінің бас имамы Бақытжан Қаниев қатысты. «Әли-Муса» мешітінің бас имамы Бақытжан Қаниев өлі аруақтарға Құран бағыштады. Өркендеу ауылдық округінің әкімі Нәби Үргенішбай жиналғандарға ыстық ықыласын білдіріп, Мәуліт мерекесіне қатысқан өнерпаздарға сыйлықтар табыстады. Әрі қарай мәуліт мерекесі ауылдық клуб ұжымы ұйымдастырған мерекелік іс-шараға ұласып, халыққа түрлі Иләһи сұрақтар қойып, жыр-көркем сөз жанры бойынша кештің көркін кіргізді. Өркендеу ауылдық клубының меңгерушісі Болатбек Рсалы Нұртуғанның «Қазақ шежіресі» жырынан үзінді орындаса, Назым Әріпбай «Пенделер періште емес», №104 мектеп оқушылары Ақжүніс Нағашыбай пен Нұрайым Нағидулла «Уақыт қадірі» әнін орындады.
Ауданның бас имамы Берік Сүлейменов сөз сөйлеп өнерпаздарға және халыққа алғысын білдіріп, ауыл мешітінің имамдығына Рүстембек Әл-Мұхаммедтің тағайындалғанын хабарлады. Мереке соңында ауыл ақсақалдары баталарын берді.
Т.МУРЗАЛИЕВ,
клуб әдіскері.
29 желтоқсан 2017 ж. 3 181 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды