Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Дәм-тұзыңыз таусылмасын

Дәм-тұзыңыз таусылмасын

Қазақ халқы мәңгілік дүниеге аттанған адамға қарата «дәм-тұзы таусылған екен» деген сөзді жиі айтады. Мұның астарында үлкен даналық жатса керек. Мәселен, дәмнен, яғни астан беті қайтқан адамның көбіне, көрер жарығы ұзаққа созылмайтынын білеміз. Ал аталған тәмсілдегі «тұз» пенденің қайратын, бойындағы қуатын сипаттаса керек. Соған қарап-ақ басынан не бір зұлмат заманды өткерген өр қазақтың мінезді, алған бетінен қайтпайтын ержүректігін аңғаруға болады. Өйткені бүгінгінің ғалымдары тұздың адамның батылдығына да қатысы барын айтып отыр.
Негізінен натрий – адам ағзасындағы жетекші электролит. Адам баласы тұтынатын тағамдардың көпшілігінде бұл элемент бар болғанымен, тұздағы мөлшеріне жетпейді. Ғылым тұздың организмдегі суды байланыстыратын, сонымен қатар жасушааралық сұйықтықтардың тепе-теңдігін қамтамасыз ететінін дәлелдеп берді. Біз айтып отырған натрий жүйке сигналдарының берілуіне, бұлшықеттердің жиырылуына және гормондардың қажетті мөлшерде бөлінуіне де белсенді қатысады. Жер бетіндегі барлық ауру, оның ішінде қатерлі ісік ауруы да аталған элементтің жоғалуына алып келетінін ескерсек, тұздың адам ағзасына қандай пайдалы екенін түсінер едік.
Рас, бұған дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдары, жеке ғалымдар тұздың зиянды тұстары жайында көп айтты. Бірақ соңғы зерттеулер оны аз мөлшерде пайдалану жүректің жай соғуына және инсультке шалдығу тәуекелін бірнеше есеге арттыратын көрсетті.
Сондай-ақ стресске төзімділікті төмендетіп, сезімталдық пен гормон деңгейін азайтатын көрінеді. Осы тұста Қытай Халық Республикасындағы түзету лагерінде қызмет еткен қандасымыздың естелігі ойға оралады.
Әдетте кез келген түзету орындарында тәртіпке бағынғысы келмейтін, әділдікті талап етіп, басқаларға көшбасшы атанған адамдардың болатыны анық. Аспан асты елінен оралған қандастың сөзіне сенсек, қытайлықтар ондай адамдарға ұзақ уақыт бойы тұзсыз тамақ беретін көрінеді. Бұндайда қазақтың «Ас – адамның арқауы» деген көргенді мақалына бас ұрмай тұра алмасың анық. Қызығы сол жігерін, батылдығын көрсетіп жүрген жігіттер бір ай ішкен тұзсыз тамақтан кейін қойдай жуас, момын, кісі бетіне қарсы келмейтін көнбіске айналып шыға келеді екен. Өзіне жасалған әділетсіздікке де, намысының тапталуына да айтарлықтай қарсылық көрсете алмайтын күйге түскен. Өйткені құнарсыз тамақ қандағы натрийді организмнен айдап шығатыны дәлелденген. Осыдан-ақ тұзсыз астың адам қайратын алып түсетінін, мінезсіз құлға айналдыратынын байқасақ болатындай.
Ғылымда, әсіресе физикалық жаттығумен жиі айналысатын адамдарға тұзды көп мөлшерде пайдалану ұсынылады. Бұдан бөлек күннің ыстық кезінде де натрийді мол мөлшерде тұтынған дұрыс. Себебі адам денесінен бөлінетін тер организмдегі элементтердің бірқалыптылығын бұзады. Сол үшін тағамтанушылар бұл күндері, тұздалған тағамдарды жиі тұтынуға кеңес береді. Натрийдің мол мөлшері бүйрек пен жүрек ауруларына, қарттық жасқа келіп, ақылын жоғалтқан адамдарға оң әсерін тигізеді.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
11 шілде 2020 ж. 2 748 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930