Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дұрыс армандау және соған қол жеткізу...

Дұрыс армандау және соған қол жеткізу...

Арман деген - әр адамның өмір жолының қалыптасуына көмектесетін ерекше бір күш.

Армандаудың несі біз үшін жаман? Армандау үшін бізге тек қана өз ойлау қабілетіміз жеткілікті. Әр адам армандауға құқылы. Бірақ та кей адамдар өз құқықтарынан аттап, армандаудан қорқады. Ол не себептен деп ойлайсыз? Мысалы: Бір адам армандады делік. Бірақ та ол адам сол арманына жету үшін белгілі бір уақыт қояды, яғни ол қысқа бір мерзімде жетемін деп армандайды. Алайда ол адам сол арманына жете алмағандықтан ары қарай армандаудан қорқып қалады.  Ол деген әрине дұрыс емес. Қарағым-ай сен арманына жеткін келеді екен, аяғына дейін тырыс, алдында қандай қиындықтар тұрса да сол қиындықтардан өтуге тырыс, өз арманына қол жеткіз! Адам әрқашан да армандаудан және қиялдаудан қорықпау қажет...

Ал енді ары қарай сол арманымызға қандай жолмен қол жеткізуге болады? 

1. Дұрыс армандай білесіз бе?

2. Арман арқылы мақсат дүниеге келеді .

3. Арман адамды шабыттандырады!

4. Арманыныз жақсы болса онда сіз оны жақсы көріп кетесіз.

5. Армандар орындалады!

Кез келген уақытта адам баласы өз арман-мақсатын жүйелеп, армандар картасын ойлап, сол арқылы қайда қарай жылжу керегін анықтап отырып, бағыт алатын мерзімін дағдылау қажет. "Армансыз адам-қанатсыз құспен тең"-демекші қанатсыз құс ұша алмайтыны белгілі ғой. Арманда! Сенің сол арманың ешқашан алдамайтынына сене біл.

Адам баласы егер дұрыс армандап, соған қарай бір нақты дұрыс қадамдар жасаса ғана сол мақсатқа жете алады. 

Әдетте адам баласына шабыт қалаған уақытта келе қоймайды. Ал жүрегіңізде бір арманыңыз болса да, сіз үнемі шабыттанып жүресіз. Ол рас!

Біз ойлаған нәрсемізді жүзеге асыруға белсене қатысып, құлшына жасайтын болсақ, бізде автоматты түрде мақсат пайда болады. Мақсат – ол табысқа жетудің басты кілті. Арманымыз мақсатқа айналмай, сол арман күйінде қалса, онда ешқандай нәтиже шықпайды.

Міне, ал нағыз армандаудың себебі осы да. Мейлі, сіздің барлық арманыңыз шындыққа айналмай-ақ қойсын, бірақ та орындалғандарының өзі сізге қанат береді емес па. Ол өмірді өзгертеді. Алла Тағала адамға орындалмайтын арман мен қиялды армандатпайды. Адам баласы бір нәрсені армандаса, оның орын алуы күмәнсіз. Бірақ та, оның орындалып немесе орындалмауы өзіне байланысты болатын дүние... Арманда! Мақсатыңа жет!

15 тамыз 2019 ж. 6 180 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930