Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Парыз бен қарыз

Парыз бен қарыз

«Андабай» елді мекені Арал мен Қазалы ауданына ортақ тоғыз жолдың торабында орналасқан. Оның батысында дария, шығысында айнадай жарқыраған «Жаркөл» көлі жатыр. Бір кездері іргелес Бекбауыл, Үкілісай, Ескіұра, Қызылжар, Құмбазар, Райым ауылдарымен біте қайнасып, береке бірлігі тасыған. Өткен ғасырдың соңғы жылдары, теміржол жүйесін қысқарту мен қайта құрылымдау кезінде №94 «Ырзаев» бекеті жабылып, ауыл тұрғындары тіршіліктің қамымен атажұртын тастап, үдіре көшті. Сол елдің жұртында мезгілінде теміржолдың, ауылдың өркендеуіне үлес қосқан, ұл-қыз тәрбиелеп, өркен жайған марқұмдардың төбе басындағы бейіті қалды. Арада ширек ғасыр уақыт өтіп, қайнаған өмір ошағы болған жер құлазып, қу медиен далаға айналды.

Күнделікті күйбең тірлікпен жүріп әке-шешеміздің түтін түтеткен, кіндік қаны тамған қасиетті жұртына, ата-баба қорымына барып зиярат етіп, туған жердің топырағына аунап қайтуға уақыт таппай, сағаттап күндер, жылжып жылдар өтіп кеткенін білмей де қалыппыз. Әр нәрсенің бастамашысы және сәті болады, өткен жылғы жаз ортасында бір топ аға ұрпақ өкілдері «тірлігімізді білдіріп, өшкенімізді тірілтейік» деген мақсатпен Қазалыда бас қосты. Сөйтіп 2018 жылдың қыркүйек айында жиналған қаржыға төбе басындағы қараусыз қалған ата-баба қорымы басы қоршалды.

Биылғы жылы игі іс жалғасын тауып, тамыз айының 18 жұлдызында туған жер перзенттері, осы мекенге қатысы бар жандар, «Андабай» елді мекенінде бас қосты. Шартараптан жиналған халық легі Арал, Қазалы, Ескіұра, Қызылжар, Құмбазардан ағылған көлік тасқыны көптен тылсым тыныштықта жатқан аумақты шаңға батырып, біразға дейін қорым басына ат басын тірегендер қарасы толастамады.
Бұл кездесуге келгендердің жүрек толқытарлық тебіреніске толы сәті жиналғандарға керемет әсер етті. Көптен көріспеген кешегі ауыл балалары – құрбы-құрдастардың айқасқан құшақтары, бір-бірін сағынғандардың қуанышы мен сағыныштан шыққан көз жасы, біздің әке-шешемізді көрген үлкендердің құшақ жая көрісікені жиналғандардың көңілдерін шат-шадыман шаттыққа кенелтті.
Туған жерге тағызым етіп, мауқын басқан жұртшылық, қорым басына құран қатым етіп болған соң, Бекбауыл елді мекеніндегі тойханаға жиналды. Кең дастарқан басындағы астан дәм татып, жүрекжарды сырларын ақтарды.

Солардың бірі жасы 70-тен асқан Шүкірбай аға, қарындасы Күлзипамен, марқұм болған інісі Бақтыбайдың келіншегімен жол қиыншылығына қарамай араға жарты ғасыр салып Шымкент қаласынан келіп отырғанын, сонау 1960 жылы қайтыс болған әке қорымына тәу еткеніне, осы шараға ұйытқы болған азаматтарға ризашылығын білдірді. Ақтөбе қаласынан немересімен келген Құралай Құлмырзақызы, бірге ойнаған достарын еске алып, көптен көріспеген ауылдастарына кездесіп бір жасап қалғанын айтты.

Бұдан кейін шығып сөйлегендер де баталарын жаудырып жатты. Жастар атынан ауылдан шыққан спорт майталманы, спорт шеберлері Тұңғышбай Сермағанбет, Серік Алдамжар тілек-ниеттерін білдірді.
Жастарға қозғау салған осы бір шарадан рухтанған ауылдың бүгінгі буын жастары, атажұрттың орнына жақында ескерткіш тақта орнатып, түнеухана салғанын есітіп, төбеміз көкке жеткендей болды.

Жаңалық ҚҰЛМЫРЗАҰЛЫ,
еңбек ардагері

28 қыркүйек 2019 ж. 2 052 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930