Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылына қарап, азаматын таны

Ауылына қарап, азаматын таны

Жанқожа батыр атымен аталатын ауылдың бүгінде тұрмысы жайлы. Ел әлеуетін әлдендіруге ауылдан түлеп ұшқан перзенттер де атсалысуда. Мұндағы мектеп, балабақша, мешіт, спорт кешені, мәдениет ошағы, орталық саябақ, өзге де әлеуметтік нысандар тұрғындар игілігіне қызмет етіп келеді. Осы орайда ауылдағы ағайынның туған жерден түлеген азаматтар мен атқа мінерлерге алғыстан басқа айтары жоқ.

Ауызбіршілігі берік Жанқожа батыр ауылының тұрғындары жуырда ғана тағы бір ізгілікті істі қолға алып, ұйымшылдықтың үлгісін танытты. 3 қаңтар күні «Əйтеке би – Бекарыстан би» бағытындағы аудандық маңызы бар жолдың Ақтан батыр ауылы мен Жанқожа батыр ауылы бөлігіне жəне ауылішілік көшелерге мекеме қызметкерлері мен жастар күш біріктіріп, құм төседі.

«Ауыл жастары хабарласып, ертең ауылға келетін күре жолға құм себеміз, таңертең «Камаз» көлігі дайын тұрады дегенде бірден қолдау көрсеттім. Ауыл жастарының ауызбіршілігі арқасында мұз құрсанып жатқан күре жолға құм себілді. Сөйтіп, азда болса мұздан келетін қауіпті сейілттік. Жұдырықтай жұмылып, еңбек еткен жігіттерге ризамын. Тілекші жандар да телефон арқылы ықыластарын жеткізіп жатыр. Жеке «Камаз» көлігімен келіп, көмек көрсеткен Жұмағұл ағаға да ризамыз», – дейді ауыл тұрғыны Рамазан Нұрым.

«Ауылына қарап, азаматын таны» деген осы шығар. Береке-бірліктің қаймағы бұзылмаған, татулық пен тұрақтылықтың бесігіне айналған бұл ауылды елін сүйер арда азаматтардың мекені десек қателеспейміз. Туған жерді түлетуге тамшыдай болса да үлес қосқан азаматтардың жасаған жарқын ісі көңіл қуантады.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
04 қаңтар 2019 ж. 2 997 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 203

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 173

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 151

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930