Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі

Сырұя

Қолымызға көрікті кітап түсті. Аты да өзгеше. «Сырұя». Авторы – №266 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сағыныш Өтеулиева. Шығармашыл ұстаздың бұған дейін де түрлі деңгейдегі басылымдарда жарияланған туындылары мен жыр мүшәйраларында топ жарып, үздіктер қатарынан танылып жүргенінен аудандағы көзіқарақты көпшілік хабардар.
«Сырұя» – автордың алғашқы жыр жинағы. Алматыдағы Жазушылар Одағында тұсауы кесілген топтама шымыр ұйқасты, жұмыр жолдардан құралған. Нәзік жанды ақын арудың мұндағы өлеңдерін оқи отырып, бірде сырлы сезімге бойласаң, бірде қайсар қазақ анасының ұлт алдындағы міндетін сезінген жауапкершілікті ұғынасың.
Газетіміздің бүгінгі санында сол кітапқа жарияланған өлеңдердің бір тобын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.
Редакциядан
Өмір жайлы
Өмір деп ұқтым жанардың ақ-қарасын,
Өмір деп ұқтым күндіз бен түннің арасын.
Күндерім сырғи, жылдарым жылжи өтуде,
Өкініштерім көзімнен жас боп тамасың.

Өмір-ай деймін, айта аламай қалған сырым бар,
Сұрамаңдаршы, жанардан үнсіз ұғыңдар.
Кеудеме тұнған тылсым да талай деректі,
Жұмбақ күйінде ұзады қанша ғұмырлар.

Ой тұнған жанда көңілмен бірге дерт егіз,
Санамда неге жаз емес тұнды келте күз.
Неліктен біздер себепсіз мұңға ғашықпыз,
Өйткені біздер жұмбақ әлемді өлкеміз.

Өмір де шығар мұңдылау мендік жанарым,
Бұл жанарыммен өрге де, төрге бара алдым.
Мазасыз сәттер, ширыққан шақтар көп менде,
Тірлікте мынау арпалыстардан нәр алдым.

Өмірім менің – сәттерім құлап, сүрінген,
Сынақты сәтте жаныма еттім жырымды ем.
Алғыс айтамын ізгі оймен ғұмыр жолыма
Өйткені бақты еншіледім бүгін мен.

Ай
Көтеріліп келеді ай дөңгеленіп,
Мұндай сәтті көп болды көрмегелі.
Толған айды қызықтап қараушы едім,
Ауылдағы биіктеу дөңге келіп.

Ғажайып сәт далама нұрын төкті,
Айды көріп кенеттен күлімдеппін.
Айды көріп «Бұл менің – мұңым» деппін,
Үнсіз ғана «Айлы сәт – сырым» деппін.

Бала күннен ұнайды ай бейнесі,
Ай тудырар адамға ой күймесін.
Көрген айды теңеймін ақ аруға,
Жұлдыздардан қадаған ақ түймесін.

Есейсем де тосамын айдың нұрын,
Ай туғаннан бүр жарар ойдың гүлі.
Айлы түнде жол салар қиялдарым,
Айсыз аспан – мен үшін жай түндерім.

Айды менің көңілім тосты неге?
Сұлбасынан тілекші досты көрем.
Аспан айсыз болса мен мұңаямын,
Айлы аспанды әйтеуір жақсы көрем.

Перзенттік сыр
Армандарым бет алғанда қияға,
Ой сапармен барам өрге, ұяма.
Мендік аңсау көңіліме дем беріп,
Ет жақыным құшақ ашар жиі алдан.

Беттегенде күй кешемін «ертегі»,
Қас-қағымда сыйым болған ертеңім.
Бал күндерді балдай етіп еске ала,
Жүрегіммен үнсіз әуен шертемін.

Кірген бетте іздеймін әке бейнесін,
Сол бір сәтке ауа берер кейде есім.
Түс көргендей қалам үнсіз аңырап,
Бала күнгі естеліктер сөйлесін.

Мейірленіп қататұғын тосын үн,
Тағдырыма берер дәйім шешімін.
Жайсаң анам – ғұмырдағы бағдарым,
Маған биік есімің.

Міне, осылай жанның шөлін нұр еттім,
Іңкәр күйлі үр жаныма гүл ектім.
Бәз біреуге сыр алдырмас түнекпін,
Ал біреуге жүрекпін...

Сағыныш ӨТЕУЛИЕВА










03 мамыр 2019 ж. 1 833 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930