Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақтың мәрт мінез майталманы

Қазақтың мәрт мінез майталманы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында КСРО Журналистер одағының мүшесі, қарымды қаламгер, қоғам қайраткері Мырқы Исаевтың туғанына 90 жыл толуына орай, А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Қазақтың мәрт мінез майталманы Мырқы Исаев» атты жазба ақындар мүшәйрасы өткізілді.
Мерекелік шараны «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев және Қар­мақшы ауданы әкімінің орын­басары Еркебұлан Меңлібаев ашып, сан ғасырдан сыр шер­те­тін Сыр топырағының киелі екенін, жүз шайыр шыққан жыр өлкесінің рухани дәстүр құн­­дылығы тоқтаусыз жалғаса бе­ре­­тінін айтты. Осынау қаси­ет­ті өңіріміздің қадірлі перзен­тінің бірі, есімі ел жадында қалған Мырқы Исаевтың шығар­машылық мұрасын жаңғырту бастамасына сәттілік тіледі.
Мырқы Исаевтың қалам­дас­тары, замандастары атынан Қайырбек Мырзахметұлы, Қармақ­шы ауданының құрметті азаматы Нұртілеу Салықов сөз алып, қаламгердің ақындық, журналистік шеберлігі мен біре­гей болмысын айрықша атап өтіп, естеліктер айтты. Осыдан соң айтулы шараға ат қоса келген ақындарға кезек берілді. Жыр мүшәйраның ережесіне сай олар Қызылорда қаласының 200 жыл­дығы, Қармақшы ауда­ны­ның 90 жылдығы және М.Исаев­тың өнегелі өмір жолын өлең­деріне арқау етті. Айта кету керек, ақындар тақырыпты те­рең зерттеп, тың жаңалықтар та­буға талпынғаны байқалды. Сондықтан болар, шабытты туын­ды­лардан шынайылық көрініс тапқан. Осылайша Қызылорда қа­ла­сынан және аудандардан келген он екі ақынның ортасынан жүлдегерлер анықталды. Олар­дың өнеріне айтыскер ақын Серік Ыдырысов, Оңталап Нұрмаханов, Қазақстан Жазушы­лар одағы облыстық фи­лиа­лының директоры Қаршыға Есімсейітова баға берді.
Мүшәйрада бас жүлдені Қаза­лы қаласынан Ақжол Түмен­бай, бірінші орынды Қызыл­орда қаласынан Ұлықбек Тәңір­­бер­генов, екінші орынды Сырдария ауданынан Ақтөре Ибрагимұлы, үшінші орынды Шиелі ауданынан Шыңғыс Құдайберген иеленіп, арнайы диплом және ақшалай сый­лықтарға ие болды. Ал Арал ауданынан қатысқан Ғабит Кәдір­бай Тұрмағамбет Ізтілеуов атындағы, Алтынбек Қыстаубаев Шораяқтың Омары атындағы жүлдені иеленді. Бұдан бөлек, Қызылорда қаласынан қатыс­қан Биболат Сәтжан мен қармақ­шылық Еркебұлан Серіковке Темір­бек Жүргенов атындағы жүлде табысталды. Мерекелік кеш соңында Мырқы Исаевтың ұлы Мейрамбек Исаев сөз сөй­леп, шараны ұйым­дас­тырушыларға және жыр дода­сын­да жарқырай көрінген ақын­дарға алғысын білдірді.
Жыр сайысын белгілі жырау Серік Жақсығұлов жүргізді. Шара барысында Қазанғап атын­дағы музыкалық колледждің студент­тері мен Қармақшы ауданындағы Көшеней Рүстем­беков атын­дағы жыраулар мектебінің өнер­паздары көрер­мен көңілін кере­мет күйге бөледі.

28 маусым 2018 ж. 1 813 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930