Жақсының аты өлмейді...

Кітапханашы Ж.Ерімбетова қазақ халқының азаттығы, теңдігі жолында ақ найзасымен, қасық қаны қалғанша күрескен, тіпті сол жолда құрбан болғанәрі батыр, әрі ақынның өнегелі өмірінен мағлұлат бере отырып, «Махамбет мұрасы – елдіктің өшпес рухы» атты кітап көрмесімен таныстырса,кітапхананың жас оқырмандары №16 М.Горький атындағы мектеп-лицейдің оқушылары ақынның «Ереуіл атқа ер салмай», «Біздің анау Нарында», «Қызғыш құс», «Мінгені Исатайдың Ақтабаны-ай», «Жалған дүние», «Исатай деген ағам бар», «Өзім туралы», «Ақындар туралы», «Шешендер туралы», «Батырлар туралы» атты жалынды жырларын жатқа оқыды.
***
Қалалық кітапхананың «Коворкинг» орталығында ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» атты әдеби әуенді жыр кеші өткізілді.
Қазақ ақыны, ойшыл Шәкәрім Құдайбердиевтің артына қалдырған мол мұраларын ұрпақ жадында жаңғыртып, шығармаларын дәріптеу,қазақ поэзиясына қосқан үлесі туралы әңгімелеу мақсатында өткізілген шараға №16 М.Горький атындағы мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Қырмызы Еркебалаева, Гүлбарам Жауғашарова, тәлімгері Алтынай Сағымбаева және кітапхана оқырмандары қатысты.
Шара барысында жас оқырмандар Асылжан Романова, Саят Ілиясов, Аяжан Өміржан, Самат Қуаныш, Анель Жақсылық ақынның адамгершілік, ізгілік, имандылық тақырыптары туралы өлеңдерін жатқа оқып, көпшілік оқырман қауым Шәкәрім қажының өмірлік ұстанымдары, адамгершілік құндылықтары және оның құқықтық көзқарастарына қатысты ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ жас оқырмандардың қатысуымен «Ұрпаққа мұрам – ұлы жыр» атты ақынның өмірінің соңғы жылдарынан қойылым көрсетілді «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші өзі өлсе де аты өшпеген Шәкәрім атамыздың шығармалары әлі де жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып келеді.
Жанар СЕЙТӘЛИЕВА