Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайырымдылықпен қамтылған қос мереке

Қайырымдылықпен қамтылған қос мереке

Қазақ халқының қанында ежелден бар, атадан балаға жалғасып келе жатқан ізгі қасиеттің бірі – қайырымдылық. Ал, оны жасаған адамның қарапайымдылық қағидатын ұстануы жақсылықтың жарқырай көрінуіне екі есе себепші болар еді.
Кәсібін еліміз Тәуелсіздігін алған тұстан бастаған, сол уақыттан бері салық төлеу арқылы аудан экономикасының өркендеуіне елеулі үлес қосып, халықты жұмыспен қамтып, қайырымдылық шараларымен де үзбей айналысып келе жатқан «Орын-Ай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Манат Шәріпбекқызы Рысбаева осындай жандар қатарына қосуға әбден лайық.
Жақында ғана біз тілге тиек етіп отырған жан «Рау-Илия» мейрамханасында «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қазалы аудандық бастауыш ұйымындағы бір топ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өз есебінен дастархан жайып берді.
8 наурыз аналар мерекесі және Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы атап өтілген жиында аудандық бастауыш ұйым төрағасы Әлімжан Қияс Манат Шәріпбекқызына қоғамдық бірлестік ұжымы атынан алғысын жеткізіп, қоғам мүшелерін мерекелерімен құттықтады. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі Өмірбек Кетебай, қоғамдық бірлестік мүшелері Ұзақберген Бұрқашев, Жеңіс Махамашов, Мәдина Байдулла жиналғандарға ыстық ықыласқа толы жылы лебіздерін жеткізді.
Сонымен бірге «ҚСҚ» ҚБ «Қазалы» корпоративтік қорының президенті Омар Қапаштың демеушілігімен отыз мүмкіндігі шектеулі жанға сыйлықтар таратылды.
Әйтеке би кенттік клубы өнерпаздары мен бірінші топ көз мүгедектері Серік Ерболатов пен Серікбол Шайховтың ән-күйлері тыңдармандардың көңілін сергітті.
Әлімжан ӘЛКЕБАЙҰЛЫ.
07 наурыз 2018 ж. 3 028 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031