Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Мұнай барлық жерде бола бермейді“: Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

“Мұнай барлық жерде бола бермейді“: Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Фото: depositphotos.com
2026 жылы Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарына арналған 112 учаскені электрондық аукционға шығару жоспарланған. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz
Оның сөзінше, сауда-саттыққа қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысады, бірақ министр олардың нақты үлесін атаған жоқ. 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта аукционға 126 учаске шығарылған.
Сауда-саттық жеңімпаздары мөлшері аукцион қорытындысы бойынша анықталатын қол қою бонусын төлейді, содан кейін мемлекет олармен келісімшарт жасайды. Олар учаскені геологиялық зерттеуден өткізуге, белгіленген мерзімдер мен міндеттемелерді сақтауға, жергілікті қатысу мен құзыреттерді дамытуға, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша талаптарды орындауға міндетті болады.
"Геологиялық барлау нәтижелері бірден көрінбейді. Кейбір учаскелер бойынша олар теріс болуы мүмкін - мұнай барлық жерде бола бермейді", - деді Ақкенженов.
Министрдің айтуынша, зерттеулер мен бұрғылау жұмыстары учаскелердің әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар министр "ҚазМұнайГаздың" барлау бағдарламасы туралы айтты. Оған 47 учаске мен қазір жұмыс жүргізіліп жатқан 23 жоба кіреді. Сондай-ақ компания 60 мың шақырым аумақта, оның ішінде сегіз мың метрге дейінгі тереңдікте сейсмикалық барлау жүргізуді жоспарлап отыр.
Қай облыстарда учаскелер сауда-саттыққа шығарылады?
Бұған дейін желтоқсанда 112 учаскенің 56-сын аукционға шығару жоспарланғаны туралы жазған едік. Сауда-саттық 25 желтоқсанда e-Qazyna платформасында өтуі тиіс. Учаскелер жеті облыста орналасқан: Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Қостанай және Қызылорда. Сауда-саттық мерзімдері мен шарттары туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.
Кейбір учаскелер бойынша жеңімпаздар белгіленген мерзімде барлау жоспарын дайындап, сейсмикалық зерттеулер жүргізіп, ұңғыма бұрғылауы тиіс. Бұл талаптар қорды бағалауға мүмкіндік береді, бірақ әр учаскеден мұнай немесе газ табылатынына кепілдік бермейді.
Бұған дейін Қазақстанда Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізілді. Түзетулер геологиялық барлауды дамытуға және аз зерттелген учаскелерді беруді жеделдетуге бағытталған.
04 қараша 2026 ж. 115 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30