Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан неге юань және иенамен қарыз алады?

Қазақстан неге юань және иенамен қарыз алады?

Құрылтайда Қазақстан неге шетелдік валютамен, соның ішінде Қытай юаны мен Жапон иенасымен халықаралық қарыз алып жатқаны айтылды. Бұл мәселе Азия даму банкінен (АДБ) қарыз алу туралы жаңа келісімді ратификациялау кезінде көтерілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Депутат Қайрат Айтуғановтың айтуынша, АДБ қарызды түрлі валютамен беруі мүмкін.
"Бүгінде әлемдік нарықта Қытай юанымен қарыз алу тиімді болып тұр. Бұл жерде ешқандай қауіп жоқ", - деді ол.

Қазақстанға халықаралық қарыз не үшін қажет?

Бұған дейін келісімді талқылау барысында қаржы министрі Мәди Тәкиев Қазақстан сыртқы нарықтан қанша қаражат тартуды жоспарлап отырғанын және ол не үшін қажет екенін түсіндірген болатын.
Оның сөзінше, 2026 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығы - 4,6 триллион теңге. Оны жабу үшін мемлекет ішкі нарықтан да, сыртқы нарықтан да қаражат тартады.
Қазақстан АДБ-дан 3,4 миллиардтан аса Қытай юанын немесе Ұлттық банктің 4 қарашадағы ресми бағамы бойынша шамамен 232 миллиард теңге қарыз алуды жоспарлап отыр.
Тәкиевтің айтуынша, жыл соңына дейін Қазақстан тағы 500 миллион долларға жуық қаражат тартуға тиіс.
Министр қарыз мемлекеттің қажетін өтеу үшін керек екенін мәлімдеді. Жол инфрақұрылымын, денсаулық сақтау саласын және басқа да бағыттарды қаржыландыру туралы сөз болып отыр.

Неліктен бұған дейін иенамен қарыз алынды?

Бұған дейін Қазақстан Жапония валютасы - иенамен ірі халықаралық қарыздар тартқан болатын.
2026 жылы Халықаралық қайта құру және даму банкінен 92,3 миллиард иена және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 62,4 миллиард иена тарту туралы келісімдер мақұлданды.
Бұған дейін қаржы министрі Мәди Тәкиев жапон валютасын таңдау Жапониядағы пайыз мөлшерлемесі төмен болуына байланысты екенін айтты. Шешім қабылдау кезінде теңгенің иенаға шаққандағы бағамы ауытқуы мен ықтимал қатер де ескерілген.

04 қараша 2026 ж. 38 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30