Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжілісте Президент Жолдауында жүктелген міндеттерді орындау мәселелері қаралды

Мәжілісте Президент Жолдауында жүктелген міндеттерді орындау мәселелері қаралды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген міндеттерді іске асыру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелері қаралды. Мәжіліске аудан әкімі Алмасбек Есмаханов селекторлық режим арқылы қатысты.
Мәжілістен кейін аудан әкімі аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес арнайы мәжіліс өткізіп, күн тәртібіндегі және өзге де маңызды мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Алдымен Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттерді аудан көлемінде сапалы әрі мерзімінде орындау мәселесі талқыланды. Аудан әкімі салаға жауапты орынбасарлар мен барлық дербес бөлім басшылары, кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне Жолдаудан туындайтын міндеттерді күнделікті жұмыстың негізгі бағытына айналдырып, әрбір тапсырманың орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Жиында тұрғындарды тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше назар аударылды. 2026 жылдың 10 айында аудан бойынша 9 545 науқасқа 416,1 млн теңгенің дәрілік заттары берілген. Сонымен қатар медициналық ұйымдардағы дәрілік заттардың қалдық қоры, олардың жарамдылық мерзімі, препараттардың айналымнан шығарылуы және тұрғындардың қажетті дәрі-дәрмекке қолжетімділігі мәселелері қаралды.Аудан әкімі жауапты сала басшыларына дәрілік препараттардың жеткізілуі мен бөлінуін тұрақты бақылауды, науқастардың дәрі-дәрмек алуда кедергіге тап болмауын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған 9 132 тұрғынды сақтандыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті.
Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыттарының бірі – шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесі кеңінен талқыланды.2026 жылдың 9 айының қорытындысымен ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4 644 бірлікті құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 727 бірлікке немесе 13,5 пайызға төмен. Осыған байланысты аудан басшысы кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттыру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қызметін жандандыру, жаңа өндіріс орындарын ашу және ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлік бастамаларды қолдау қажеттігін айтты.Аудан әкімі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне, кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне кәсіпкерлік субъектілерінің жабылу себептерін зерделеп, жаңа кәсіпкерлік бастамаларды анықтау және сүйемелдеу жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Әсіресе, мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдаланып, ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға басымдық беру қажеттігін ескертті. Алдағы жылдары жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың барысы, жер рәсімдеу мәселелері және жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарланған өндіріс орындарының дайындығы пысықталды.Мәжілісте күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанының барысы да қаралды. Аудан әкімі шақыру жасындағы азаматтарды әскери есепке алу, шақыру қағаздарын уақытылы табыстау, медициналық тексеруден өткізу және шақыру пунктіне келуін қамтамасыз ету жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.Жиын соңында аудан орталығы мен Қазалы қаласындағы санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстарының қазіргі жағдайы сынға алынды. Аудан әкімі анықталған кемшіліктерді бір апта мерзімде жою, атқарылған жұмыстардың нәтижесін «дейін/кейін» форматында ұсыну жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Аудан басшысы барлық жауапты басшыларға тапсырмалардың орындалуына немқұрайлы қарамауды, белгіленген мерзімдерді қатаң сақтауды және әрбір бағыт бойынша нақты нәтижеге қол жеткізуді тапсырды.

04 қараша 2026 ж. 59 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30