Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Азия даму банкінен 3,4 млрд қытай юанін қарызға алады

Қазақстан Азия даму банкінен 3,4 млрд қытай юанін қарызға алады

Қаражатты көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіп пен білім беруді дамытуға бағыттау жоспарланған
Сурет жасанды интеллектпен жасалды
Сурет жасанды интеллектпен жасалды
Қазақстан Азия даму банкінен 3,4 млрд қытай юані көлемінде қарыз алуды жоспарлап отыр. Қаржыландыру шарттары мен бұл қаражаттың қайда жұмсалатыны туралы Құрылтай отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев айтып берді, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы хабарлайды.
Депутаттар алдында сөйлеген сөзінде ведомство басшысы келісім бойынша қарыз 15 жылға берілетінін хабарлады. Бұл ретте алғашқы үш жыл жеңілдік кезеңі болып саналады, ал сыйақының жалпы пайыздық мөлшерлемесі жылдық 1,69%-ды құрайды.
«Бұл қаражат Үкіметтің бірінші кезекті шараларын қолдап, көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіпті, білім беруді және басқа да маңызды бағыттарды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Аталған банктің қарызы Қазақстан Республикасына 15 жыл өтеу мерзімімен, соның ішінде 3 жылдық жеңілдік кезеңін қамти отырып беріледі. Сыйақының жалпы пайыздық мөлшерлемесі жылдық 1,69%-ды құрайды», — деді Мәди Такиев.
Министр сонымен қатар несиені өтеу және оған қызмет көрсету бойынша қаржылық міндеттемелер республикалық бюджетке жүктелетінін нақтылады. Осылайша, қарызды қайтару халықтың қазынасы — мемлекеттік қаражат есебінен жүзеге аспақ.
Сырттан несие алудың мәнін түсіндірген Мәди Такиев халықаралық қаржы институттарының Қазақстанға қомақты қаржы беруге дайындығы халықаралық қоғамдастықтың елімізге деген жоғары сенімін көрсететінін атап өтті. Бұл ретте, оның айтуынша, мемлекеттік борыштың ағымдағы деңгейі белгіленген шектен аспайды.
«Қазақстанға мұндай ауқымды қарыздың берілуі — халықаралық деңгейдегі биік сенімнің айғағы. Сонымен бірге, Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасында белгіленген борыштық индикаторлардың нақты деңгейі рұқсат етілген шектен аспайтынын атап өткен жөн. Еліміздің қаржылық орнықтылығын жетекші агенттіктердің тұрақты болжамы бар жоғары несиелік рейтингтері де растайды», — деп атап өтті министр.
Сонымен қатар, Қаржы министрлігінің басшысы халықаралық ұйымдардан жеңілдетілген қаржы тарту мемлекеттік экономикалық саясаттың кең таралған тәсілі екеніне назар аударды. Бұл механизмді әлем елдері инфрақұрылымдық және салалық жобаларды іске асыру, сондай-ақ экономикалық белсенділікті арттыру үшін жиі қолданады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан үкіметі мен АДБ басшылығының энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы және 2026–2029 жылдар аралығында жалпы сомасы шамамен 5,5 млрд доллар болатын 15 жобаны іске асыру жөніндегі меморандумға қол қойғаны белгілі болған еді.
Ал сәуір айында халықаралық қаржы институты Отбасы банкіне 90 млрд теңге қарыз бөлуді мақұлдаған болатын. Бұл қаражат әйелдердің тұрғын үй қарызын алуына жағдай жасауға және табысы төмен әрі орташа отбасыларға арналған «жасыл» ипотеканы дамытуға бағытталған.
Сондай-ақ, Азия даму банкімен бірге Есіл контррегуляторының құрылысын қаржыландыру мәселесі де пысықталып жатыр.


04 қараша 2026 ж. 50 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30