Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қар, жаңбыр, көктайғақ: Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады

Қар, жаңбыр, көктайғақ: Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады

Фото: pixabay.com
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 5-7 қарашаға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды.
Жауын-шашынсыз ауа райын сақтап тұрған антициклон Қазақстан аумағынан жылжып кетеді. Оның орнына солтүстік циклонның терең ойысы келеді. Алдағы үш күнде ол алдымен еліміздің батысында, кейін басқа өңірлерде ауа райының нашарлауына әкеледі. Жаңбыр жауады. Солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, көктайғақ құбылыстары болжанады. 5-6 қарашада республиканың батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал 6 қарашада оңтүстік және орталық өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі. Еліміздің барлық аумағында жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі, – делінген хабарламада.
Ауа температурасына келсек, батыста түнде 0...+7 °C, күндіз +3...+14 °C болады. Солтүстік-батыста түнде -1...-8 °C, күндіз +1...+15 °C аралығында сақталады.
Солтүстік және орталық өңірлерде түнгі ауа температурасы -3...-8 °C-тан +1...+6 °C-қа дейін жоғарылайды. Күндіз +5...+13 °C-тан +1...+10 °C-қа дейін төмендейді.
Еліміздің шығысында түнгі температура -3...-8 °C-тан 0...+5 °C-қа дейін жоғарылап, күндіз +3...+8 °C-тан +7...+12 °C-қа дейін көтеріледі.
Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.
04 қараша 2026 ж. 46 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30