Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұман және қатты жел: 15 облыста дауылды ескерту жарияланды

Тұман және қатты жел: 15 облыста дауылды ескерту жарияланды

Бірнеше облыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

depositphotos.com
Бүгін, 11 қазанда Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды. Елдің бірқатар өңірінде тұман түсіп, желдің екпіні 22 м/с-қа дейін жетеді. Кей аймақтарда өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті.Түнде және таңертең Абай, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында тұман күтіледі.
Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Осындай жел Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы аудандарында да күтіледі.
Жетісу облысында, Алакөл көлдері ауданында күндіз солтүстік-шығыс желдің екпіні 17-22 м/с болады.
Өрт қаупі Ақтөбе, Атырау, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарының бірқатар аумағында жоғары деңгейде сақталады. Ал Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында, сондай-ақ Ұлытау облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

11 қазан 2026 ж. 23 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031