Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » YouTube сервисінде онлайн-казино жарнамасын орналастыру ережесі өзгереді

YouTube сервисінде онлайн-казино жарнамасын орналастыру ережесі өзгереді

Google өзгерістерді 7 қазанда жариялады. 2026 жылғы 21 қазаннан бастап YouTube сервисінің басты бетінде Masthead форматында ақшалай онлайн ойындардың жарнамасын орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл туралы Google компаниясының жаңартылған ережелерінде айтылған, деп хабарлайдыEgemen.kz.
Сурет: Pexels.com
Бұған дейін аталған форматта тек спорттық бәс тігулердің жарнамасына рұқсат етілген. Енді бұл мүмкіндік Google платформасының талаптарына сәйкес сертификаттаудан өткен жарнама берушілер үшін онлайн-құмар ойындарға да қолданылады.
«Бұл рұқсат онлайн-құмар ойындарды насихаттайтын, бірақ құмар ойындарды қадағалайтын өңірлік немесе федералдық органдарда тіркелуге міндетті емес жарнама берушілерге қолданылмайды. Бұл өзгеріс платформада спорттық бәс тігулердің жарнамасына рұқсат беретін қолданыстағы ережелерді кеңейтеді», делінген хабарламада.
Сондай-ақ жарнама Google компаниясының құмар ойындарға қатысты талаптарына, тиісті елдің заңнамасына, аумақтық талаптарға және жас шектеулеріне сәйкес болуы керектігі атап өтілген.
Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ел аумағында жұмыс істеген ірі «Nomad Poker» атты онлайн-казиноның заңсыз қызметін тоқтатқаны туралы хабарлаған едік.


11 қазан 2026 ж. 33 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031