Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Журналистер арасында байқау жарияланды

Журналистер арасында байқау жарияланды

«Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы бұқаралық ақпарат құралдары арасында «Жасыл баспасөз» республикалық байқауын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Конкурсқа журналист қауымның «жасыл технологиялар» тақырыбындағы жұмыстары қабылданады.
Коалиция баспасөз хатшысы Меруерт Әбдәлиеваның мәліметінше, байқау 4 номинация бойынша өтеді: «Үздік теле-радиосюжет»; «Үздік ТВ және радиобағдарлама»; «Газетте жарияланған үздік мақала»; «Интернет ресурстарда жарияланған үздік материал».
«Конкурсқа 2017 жылғы сәуір - 2018 жылғы маусым аралығында жарияланған жұмыстар қабылданады. Байқауға қазақ және орыстілді журналистер қатыса алады. Материалдарды «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының» баспасөз қызметіне жіберуге болады. Жүлде қоры әлі анықталу үстінде, жүлде бекітілгеннен кейін қосымша хабарлаймыз», - деді М.Әбдәлиева БАҚ өкілдеріне арналған «Жасыл дәмхана» шарасында.
«Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ басқарма төрайымы Салтанат Рақымбекова биылғы конкурстың қорытындысы Астана күніне қарай шығарылатынын айтты.
«Биыл біз Астананың 20 жылдығына орай «жасыл» онкүндік өткіземіз. 28 маусым - 6 шілде аралығындағы онкүндік аясында 20-дан астам шара ұйымдастырамыз. Осы күндері «Жасыл» экономика көшбасшыларының ІІ форумы өтеді. Аталған форумда «Жасыл баспасөз» байқауының қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды марапаттаймыз», - деді Салтанат Рақымбекова.
20 ақпан 2018 ж. 1 253 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 101

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930