Түркияда 4,3 магнитудалы жер сілкінісі болды
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы әзірге ақпарат жоқ

Фото: istockphoto.com
Түркияның Ван провинциясында 4,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 18:57-де болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Report Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасына (AFAD) сілтеме жасап мәлімдеді.
Жер сілкінісінің ошағы Ван көлінде, Геваш ауданына жақын жерде орналасқан. Жерасты дүмпуінің ошағы 13,61 шақырым тереңдікте болған.
Әзірге зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.











