Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүниежүзілік банк Қазақстанға "7-20-25" бағдарламасынан біртіндеп бас тартуды ұсынды

Дүниежүзілік банк Қазақстанға "7-20-25" бағдарламасынан біртіндеп бас тартуды ұсынды

Фото: pexels.com
Дүниежүзілік банк Қазақстанға жеңілдетілген ипотекалық несиелеуді біртіндеп тоқтатып, нарықтық тетіктерге көшуді ұсынды. Халықаралық ұйым сарапшыларының бұл ұсынысына Halyk Research сарапшылары назар аударған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дүниежүзілік банктің пікірінше, жеңілдетілген ипотека базалық мөлшерлеменің өзгеруіне жеткілікті деңгейде бейімделмейді. Яғни Ұлттық банк инфляцияны тежеу үшін базалық мөлшерлемені көтергенімен, мемлекеттік бағдарламалар аясындағы несие шарттары өзгеріссіз қалады. Соның салдарынан нарықтағы ипотека қымбаттайды, ал жеңілдетілген несиелер тұрғын үйге деген сұранысты қолдауды жалғастырады.
“Мемлекеттің нарыққа араласуы біртіндеп баспана бағасының өсуіне әсер етеді. Сондықтан мемлекеттік қаржыландыруды кезең-кезеңімен қысқартып, нарыққа еркіндік берген жөн. Алайда мемлекет баспанаға мұқтаж азаматтарға атаулы көмек көрсетуді тоқтатпауы керек”, – дейді Halyk Finance сарапшысы Арслан Аронов.
Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы Алла Быкова да "7-20-25" бағдарламасының азаматтар үшін тиімді екенін айтады. Оның сөзінше, қазір бағдарлама аясында ипотека рәсімдеу мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, азаматтар ай сайынғы төлемі жоғары болса да, екінші деңгейлі банктердің несиесіне жүгінуге мәжбүр.
"7-20-25" бағдарламасы бойынша ай сайынғы төлем 80-120 мың теңге аралығында болса да, бұл азаматтар үшін тиімді мүмкіндік. Ал дәл сондай баспананы нарықтық ипотека арқылы сатып алу әлдеқайда қымбатқа түсуі мүмкін”, – дейді сарапшы.

Мамандардың айтуынша, ипотекалық несиелердің арзандауы көп жағдайда инфляция деңгейіне байланысты. Егер инфляция төмендесе, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені біртіндеп азайтуы мүмкін. Соның нәтижесінде нарықтағы ипотекалық несиелердің де пайыздық мөлшерлемесі төмендеуі ықтимал.
“Дүниежүзілік банк көптеген елде халықтың қалың тобына арналған жеңілдетілген несие бағдарламаларына қарсы ұстаным білдіреді. Өйткені мұндай бағдарламалар тұрғын үйге сұранысты арттырып, соның салдарынан баспана бағасының өсуіне ықпал етуі мүмкін”, – дейді қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев.
Ол "7-20-25" бағдарламасы азаматтарға негізінен бір бөлмелі пәтер сатып алуға мүмкіндік беретінін, ал үлкенірек баспана алғысы келетін отбасыларға қосымша ипотекалық тетіктер қажет болатынын атап өтті.
Бұған дейін 2027 жылы ипотеканың бастапқы жарнасы 10%-ға дейін төмендетілуі мүмкін екені туралы жазған едік. Билік бұл ұсынысты келесі жылы таныстыруды жоспарлап отыр. Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, қазір Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі "Отбасы банкпен" бірге үй алушылардың алғашқы жарнасын азайтудың жолын іздеп жатыр.
18 қараша 2026 ж. 16 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30