Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ескерткіштер ескеріледі

Ескерткіштер ескеріледі

Қазалы ауданы бойынша Тапа қорымы мен қонысы, Ақтау, Сарыбура кесенесі, Әйтеке би ескерткіші тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын ала тізіміне енгізілді. Одан бөлек тағы да 6 ескерткіш алдын ала тізімге енгізуге ұсынылды. Бұл туралы аудан әкімі Мұрат Ергешбаев төрағалық еткен мәжілісте белгілі болды.
Басқосу барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Райса Тасыбаева Қазалыдағы тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі туралы айтып өтті.
– Биыл аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға Бақатам, Жанқожа батыр кесенелері, Сараман-Қоса мұнарасы, «Әзілхан ишан» мешітінің қорғау, құрылыс салуды реттеу және табиғат ландшафты аймақтарын белгілеу мен орнату жұмыстары жүргізіліп, құжаттары әзірленді, – деген Райса Батырханқызы Өркендеу ауылдық округіндегі ежелгі Жанкент қалашығында биіктігі 12 метрлік стелла орнатылатынын жеткізді.
Сонымен қатар Орақ, Сарыбайқазған мұнараларына, «Әзілхан ишан» мешіті, Бақатам, Келімбет, Алматұлы Самырат кесенелеріне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін «Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасына» енгізілгенін тілге тиек етті.
Бөлім басшысының айтуынша, Қазалы ауданында мемлекет қорғауына алынған 6 республикалық дәрежедегі, 53 жергілікті санаттағы және 40 алдын ала есепке алынған, барлығы 99 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Осы уақытқа дейін аталған тарихи-мәдени нысанның 93-не қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаты дайындалды. Тапа қорымы және қонысы, Ақтау кесенесі, Сартай батыр, Ақишан, Сарыбура кесенесі, Әйтеке би ескерткішінің төлқұжатын әзірлеу қолға алынады.
Мұнан кейін басқосу аппарат мәжілісіне ұласты. Онда аудандық қаржы бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлы аудан бюджетінің 1 қарашаға атқарылуы және 1 қаңтарға игерілу болжамы туралы хабарлама жасады. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Қуат Ысқақов күзгі әскерге шақыру туралы баяндады.
Бұдан бөлек күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Райса Тасыбаева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әліби Әбиев пен аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрғиса Жалғасбаевтың хабарламасы тыңдалып, алдағы атқарылатын жұмыстар пысықталды.

Ж.СОВЕТҰЛЫ
30 қараша 2019 ж. 1 986 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930