Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әндері жүректерді тербеген

Әндері жүректерді тербеген

Адам баласы үшін бозбала шағында болашақта кім болатынын таңдау өмірдегі қиын әрі жауапты кезең екені белгілі. Біреу ата-анасының қалауымен санасса, екіншісі қоғам сұранысында бар маман болғанды жөн санайды. Сондай-ақ ген арқылы тұла бойына біткен талантты сезіп, өзі жақсы көретін салада ширығатындар да аз емес. Өмірлік кәсібін өкшелеп жүріп тапқандардың қатарында талантты әнші Рақымжан да бар. Қазалыда өтетін концерттерде қоңыр үнімен әуелете ән шырқайтын зор дауыс иесін жерлестері жақсы таниды.

27 жастағы Рақымжан бірінші сыныпқа аяқ басқан сәттен бастап ән айтады. Сол уақытта оның отбасы, Мақсатбаевтар әулеті елге өнерпаздығымен жақсы таныс еді. Аға-апалары баян, домбыра сияқты ұлттық аспаптардың құлағында ойнағанымен бұл әншіні қызықтыра қоймады. Одан гөрі үлкендердің аспапта сүйемелдеуімен ән айтқанды жаны сүйетін. Талабы мен таланты тоғысқандықтан сол кездің өзінде үлкен сахнада ән айтып жүрді. Жас әншілер арасында өтетін түрлі байқауларда жеңімпаз атанды.

Рақымжан Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектепті ойдағыдай тәмамдап, Алматы қаласындағы агроколледжге оқуға қабылданады. Басқа мамандықты меңгеремін деп келген ол көп ұзамай өнер жолынан басқа таңдау жасай алмайтынын ұғады. Екі жылдан кейін Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің вокал бөліміне оқуға түседі. Мұнда да республикалық деңгейдегі әншілер додасының жеңімпазы атанып, бос уақытында той-жиындарда өнер көрсетіп жүрді. Актерлық шеберлігін сынға салып, кастингтерге қатысқан. Нәтижесінде қысқаметражды бірнеше фильмнің басты рөлдерін де сомдағанын айтады.

– Эстрада-вокал бөлімінде дәріс берген Ләззат Азаматқызы атты ұстазым болды. Ол кісі әншілік қабілетімді одан әрі ашып, эстраданың қыр-сырына баулыды. Осы колледжде білім алып жүріп, киноға да түстім. Бұл студенттік дәуренімнің ең қызық кездері еді. Бұдан кейін де жоғары оқу орнына тапсырып, білімімді толықтырдым. Қазір үш жылға жуық уақыт болды, Әйтеке би кенттік клубының музыкалық жетекшісі болып жұмыс істеймін, – дейді ол.

Бүгінге дейін жас сазгердің қоржынында онға жуық жеке туындысы бар. Әсіресе “Сәнім”, “Ана”, “Әке”, “Уайымдама”, “Келмейсің бе?” атты әндерін тыңдарман қауым жақсы біледі. Әннің сазгері мен орындаушысы өзі болғасын шығар әншінің туындылары “құлақтан кіріп, бойды алатын” өнердің дәл өзі. Ал сөздерін Аманкелді Сейтхан, Ақыл Мақатаев, Бақытжан Қаһар сынды ақындарға жаздыратын көрінеді.

– Жұмыс барысымен ауыл-аймақтарды аралап, концерт береміз. Қазір тойға көп бармаймын. Бірақ өнерімді ұнатып, ән айтуымды сұрағандардың бетін қайтарған емеспін. Дегенмен осы күні сазгерлікке көңілім ауып жүр. Ерекше сарынды, ешкім жазбаған дүниені өмірге әкелсем деймін. Сонымен қатар ел сүйіп тыңдайтын шәкірт тәрбиелеп, бойымдағы бар білгенімді үйреткім келеді. Алдағы уақытта осы бағытқа бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын, – деп ағынан жарылған Рақымжанға біз де сәттілік тіледік.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
21 қаңтар 2020 ж. 914 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930