Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Массың ба?»: жас әдебиетшілер Абай жазбаларының түпнұсқасы қайда жоғалғанын білмей дал

«Массың ба?»: жас әдебиетшілер Абай жазбаларының түпнұсқасы қайда жоғалғанын білмей дал

Еліміздегі жас әдебиетшілердің бірі Арман Әлменбет 2019 жылдың 29 желтоқсаны күні facebook парақшасына осыдан бір айдан астам уақыт бұрын Абай өлеңдерінің қолжазбасы мен 1923 жылы шыққан бір кітабының жоғалғанын жазды. Айтуынша, ол құнды жәдігерлер әлі табылмаған.

«Назар аударыңыз!
Астанада өте құнды пакет жоғалды. Ішінде араб әрпімен жазылған екі дәптер қолжазба (Абайдың өлеңдері), бір кітап (1923 жылғы Абай жинағы) бар. Жоғалғанына бір айдан асқан. Пакет не ақ, не қызыл болуы мүмкін. Немесе ақ пен қызылы аралас. 60 не 104 автобуста немесе таксиде қалған болуы мүмкін.
Көрген, естіген жеріңіз болса, 87780645051 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Тапқан адам қайтарып берсе, қазақ руханиятына қосқан үлесі болар еді. Сүйіншісі бар!
Бей-жай қарамай, таратып жіберсеңіздер. Абайдың 175 жылдығы қарсаңында қазақ үшін жасаған бір еңбегіңіз болар еді. Алдын ала рахмет айтамыз!» - деген жазбаны филилогия ғылымының докторанты Заңғар Кәрімхан да бөліскен.
Бұл ретте, ол жәдігерді кімнің жоғалтып алғаны, пакеттің түсі, қай жерде қалып қойғаны нақты айтылмаған. Сол себепті, Қазақ Алашұлы деген бүркеншік есімді жігіт бөліскен жазба астына Дәурен Шұғайыпов есімді желі қолданушы: «Қандай пакетті де білмейсің, не машинаға отырғаныңды да білмейсің, массың ба или ауышып алдыңдар ма?» деген пікір қалдырған. Ал Ержан Сембаев атты азамат: «Адам Абайдың қолжазбаларын жай пакетке сала ма екен? Қап!», - деп өкініш білдіріп отыр.




03 қаңтар 2020 ж. 1 204 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031