Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ерлігі есте ерлердің

Ерлігі есте ерлердің

Сырдың қасиетті топырағы ат ауыздықпен су ішіп, ер етігімен саз кешкен жорықтарда ерліктің ерен үлгісін көрсеткен асылдарға кенде емес. Соның бірі – туған жерді Хиуа, Қоқан хандығының езгісі, Ресей отаршылдарының өктемдігінен қорғауда ұлт-азаттық көтерілістің ұтырлы ұйымдастырушысы, тапқыр қолбасшы ретіде танылып, тірісінде аңызға айналған батыр Жанқожа Нұрмұхаммедұлы.Қысылтаяң шақта елді төңірегіне топтастырып, айбатымен жауды ықтырған айбынды перзентінің ілкімді ісі, азатсүйгіш айбатын халқы ешқашан ұмыт қалдырған емес. Тәуелсіздік еншісіне тигенде даңқты бабаны тарих төріндегі тұғырына қайта қондырып, ұлықтау шараларын қолға алды. Батырдың қайсарлыққа, отансүйгіштікте тәрбиелейтін өмірін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұлт қайраткерінің 245 жылдығына орай аудандық мәдениет орталығында «Сенсің бабам өнегесі ерліктің, хақ бастауы азаттықтың елдіктің» атты жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды.

Ұлт азаттығы жолындағы ұлы күрескер, халық батырына арналған байқауға қатысуға ниет білдіргендер қатары көп болды. Мектеп оқушыларынан аға буын ақсақалдарға дейін айтулы шарадан тыс қалмауға ұмтылып, ерекше ықыластарын байқатты.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың құттықтауын жеткізді. Жанқожа батыр ауылының өнерпаздары сахналық қойылым көрсетіп, көрініс ұсынса, жас өскіндер ержүрек қолбасшы жайындағы жырлардан үзінді оқыды.
Шараның лайықты өтуіне мекеме, ұйымдар мен жекелеген азаматтар қолдау білдірді.

Екі бөлімнен тұратын байқаудың алғашқы сынында ақындардың Жанқожа Нұрмұхаммедұлына арнауы тыңдалса, екінші бөлігінде өзге авторлардың патриоттық тақырыптағы шығармалары жатқа оқылды. Ақындар өнерін ҚР Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Ақпарат саласының үздігі Жұмабек Табынбаев бастаған қазылар алқасы саралады.

Үміткерлер санатында өлең өлкесіне жаңадан аяқ басқан жас өнерпаздардан бастап, республикалық жыр додаларында топ жарған тәжірибелі ақындар да төбе көрсетті. Өлең құрылысы, мазмұны, тақырыптың ашылуы, орындаушылық шеберлік жіті қадағаланған мүшәйра қорытындысымен бас жүлдені Абай ауылының үкілі үмітін арқалаған №90 орта мектептің 10 сынып оқушысы Әлихан Махашев жеңіп алды.Бірінші орын бигіне Ғ.Мұратбаев ауылындағы №91 мектептің қызметкері Ақзия Қожахмет көтерілді. Жүлделі екінші орынды «Қазалы» газетінің тілшісі Ақтілеу Қалдыбай мен Қазалы қаласындағы №16 мектеп-лицейден қатысқан Қызғалдақ Меңдіқұл өзара бөліссе, Аранды ауылының кітапханашысы Данабек Жанғазы, Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектептің шәкіртіАқнұр Қуандық, Ғ.Мұратбаев ауылындағы №91 орта мектептің намысын қорғаған Алтынбек Сүлеев үшінші орынды місе тұтты. Жас таланттарға қолдау білдіріп, ағалық ілтипатын байқатып, әдемі өнер өрнегін көрсеткен ақындар Мақсұт Айгелді, Мұхтар Сәлмен, Жанділда Баймұратов, Едіге Есіркепов пен үлгілі шығармасымен танылған бір топ қатысушылар Дәрменқұл ишан, Киікбай батыр, Ақтан батыр, Төремұрат жырау, Өтеген Нұрымбет, Есет батыр, Дабыл батыр, Қызылбас палуан, Есенбай батыр, Шағырай батыр және Мұнарбай батыр атындағы арнайы жүлделерге ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ қатысушылар да бағалы, қаржылай сыйлық, Алғыс хаттар иемденді.
Бұл күні сөз алғандар өнегелі шара алдағы уақытта да жалғасын табуына тілектестік білдірді.

А.МЕЙІРХАНОВА

23 қараша 2019 ж. 1 157 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930