Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанқожа Нұрмұхаммедұлының туғанына 245 жыл толуына орай жазба ақындар мүшәйрасы өтеді

Жанқожа Нұрмұхаммедұлының туғанына 245 жыл толуына орай жазба ақындар мүшәйрасы өтеді

Аталған жыр мүшәйрасы Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімі, Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 2019 жылдың қараша айының 19 жұлдызында аудандық мәдениет орталығында өтеді.
Байқаудың мақсаты:
Қазалы өңірінен шыққан халық батыры, әулие бабамыз Жанқожа Нұрмұхаммедұлының дүниеге келгеніне 245 жыл толуына байланысты ел қорғаған батыр бабамыздың ерлігін мәңгі есте қалдыру, өскелең ұрпақтың санасына қалыптастыру, елжандылыққа тәрбиелеу, шығармашылығында батыр бабаның ерлігін мадақтай отырып, тәуелсіз Қазақстанның мақсаты мен мүддесін, болашағын жырға қосу. Елін, жерін жаудан қорғаған әруақты бабамыздың асқан ерлігін кейінгі ұрпаққа ұғындыру.
Байқау шарттары 2 кезең бойынша ұйымдастырылады.
1 кезең бойынша байқауға қатысушының Ел тәуелсіздігі жолындағы ұлы күрескер Жаңқожа бабамыздың ерлігін, батырлығын дәріптейтін "Баба ерлігі ұрпаққа өнеге" атты тақырыптағы жыр арнауы.
2 кезең бойынша ұлы дала ұрпақтарының ерлік істерін баяндайтын, жалпы ерлікті жырлайтын ақындардың бір өлеңін жатқа оқиды. (еркін тақырыпта)
Мүшәйра барысында талапкерлер төменде көрсетілген құжаттары мен материалдарын тапсыруы қажет.
Батыр бабаға арнаған арнауы, өзі жатқа оқитын ақынның 1 шығармасы (көшірмесі)
Мүшәйра барысында қатысушы талапкердің Жанқожа батырдың ерлігін көрсететін, жалпы бабалар ерлігін дәріптеуге, оқу шеберлігіне, өзі оқыған ақындардың ерлік, батырлық турасындағы алынған шығармасын образға ене отырып жатқа оқуына, дауыс мәнеріне, сахналық (киім) мәдениеті, өлең мәтінін тыңдаушыға жеткізе оқуы, сахнада өзін-өзі ұстауы сарапқа салынады.
Байқауға 15 жастан жоғары талапкерлер қатыса алады.
Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
Жеңімпаздарды марапаттау:
Бас жүлде - біреу
І орын – біреу
ІІ орын – екеу
ІІІ орын – үшеу
Қосымша арнайы номинациялар беріледі. Ынталандыру сыйлықтары: Жыр мүшәйрасының жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталады.


15 қараша 2019 ж. 1 982 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 101

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930