Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сербияда кезектен тыс парламент сайлауы өтеді

Сербияда кезектен тыс парламент сайлауы өтеді

Сербияда бір палаталы парламент – Халық скупщинасына кезектен тыс сайлау өтеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Сербияда кезектен тыс парламент сайлауы өтеді
Фото: Unsplash
Елдің Республикалық сайлау комиссиясы 6 млн 451 мың 292 сайлаушыны тіркеді. Олар төрт жыл мерзімге 250 депутатты сайлауы тиіс.
Дауыс беру учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де (Астана уақытымен 11:00-де) ашылып, 20:00-де (Астана уақытымен келесі күнгі 00:00-де) жабылады. Сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беру барысын 16 мыңнан астам байқаушы, оның ішінде 622 шетелдік бақылаушы қадағалайды. 23 қазанда түн ортасында басталған сайлау алдындағы үгіт-насихатқа тыйым салу кезеңі учаскелер жабылғанға дейін жалғасады.
Бюллетеньге 18 сайлау тізімі енгізілген. Негізгі бәсекелестер биліктегі Сербия прогрессивті партиясының «Біріккен Сербия» тізімі мен «Студенттер тізімі» болады деп күтіледі. Бірінші тізімді 27 қыркүйекте президенттік қызметінен кеткен Александр Вучич басқарады.
«Студенттер тізімі» 2024 жылғы қарашада Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалының қалқасы опырылып, 16 адам қаза тапқан қайғылы оқиғадан кейін Сербияда басталған наразылық қозғалысы негізінде қалыптасты. Демонстранттар билікті сыбайлас жемқорлыққа және оқиғаның тергелуін жасыруға тырысты деп айыптады. «Студенттер тізімінің» ресми жетекшісі жоқ, алайда тізімнің басында Нови-Сад қаласынан шыққан кардиолог Илия Срданович тұр.
Соңғы сайлау алдындағы сауалнамаларға сәйкес, Сербия прогрессивті партиясы мен «Студенттер тізімінің» рейтингі шамамен 40 пайызды құрайды.
Сондай-ақ елдің вице-премьері әрі ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ивица Дачич басқаратын Сербия социалистік партиясының, Милош Йовановичтің оппозициялық Сербияның жаңа демократиялық партиясы төңірегінде құрылған «Нағыз оңшылдар» тізімінің және Белградтың бұрынғы мэрі Драган Джилас жетекшілік ететін Бостандық пен әділет партиясы негізінде жасақталған еуропашыл партиялар коалициясының парламентке өту мүмкіндігі бар. Бұл күштер 3 пайыздық сайлау межесінен өтуге үмітті.
Дачичтің партиясы көп жыл бойы Сербия прогрессивті партиясының коалициялық серіктесі болып келді. Ал қалған екі саяси блок «Студенттер тізімімен» ынтымақтасу мүмкіндігін қарастырған. Парламентте 3 пайыздық межеге бағынбайтын ұлттық азшылықтардың партиялары да өкілдік етеді.
Вучич кезектен тыс сайлау өткізу үшін парламенттің бұрынғы құрамын таратып, кейін биліктегі партияның премьер-министрлікке кандидат болу туралы ұсынысын қабылдады. Ол президенттік қызметтен кетуін сайлау науқанын қарапайым азамат мәртебесінде өткізу ниетімен түсіндірді.
Кейін саясаткер сайлаудан соң Сербияда жаппай көше тәртіпсіздіктеріне ұласуы мүмкін «француз сценарийіне» жол бермейтінін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Сербия президенті Александр Вучичтің қызметінен кеткенін жаздық. 
Сондай-ақ Қазақстан мен Сербия әскери-техникалық ынтымақтастықты күшейтуді қолға алды.


kaz.inform.kz
25 қазан 2026 ж. 35 0

Дара таланттар додасы

24 қазан 2026 ж. 77

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031