Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » “Жаз жайлаудағы” жыршылар

“Жаз жайлаудағы” жыршылар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен жастар жылы аясында «Жеңіс» саябағындағы «Жаз жайлау» демалыс орнында Аранды, Қожабақы, Сарбұлақ, Жанкент ауылы өнерпаздарының ұйымдастыруымен «Жыр күмбез» атты жыршы-термешілер кеші өтті.

Алты алаштың анасына айналған Сыр елінен сүбелі сөзді кие тұтып, көнеден жеткен нақыл-насихатты өскелең ұрпақ бойына сіңіріп, алқалы топта өсиет-өлең толғап, тыңдарманның көңілін дөп басқан шайырлар көп шыққан. Сыр сүлейлерінен жеткен дара дәстүрді жоғалтпай, ізін жалғаған жас жыршылар ел арасында өсіп келеді.

Бұл кеште жоғарыдағы аталған ауылдардан келген жыршы-термешілер Нұртуған Кенжеғұлұлының, Байназар Өтептің, Әубәкір Кердерінің, Шал ақынның лағыл жырларын көмейінен төгілдірді. Өзіне тән мақамы келіскен, нұсқалы сөзден өрілген терме тыңдаған көрермен Болатбек Рсалиев, Жеңіс Қожабергенов, Сырғали Қажығали, Нұргүл Шайық сияқты өнерпаздардың талантына тәнті болды.

Кешті қорытындылаған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев шараның жоғары деңгейде өткендігіне тоқтала келе, алдағы уақытта да мұндай баянды бастаманың жалғасын табатынын айтты.
Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ

06 тамыз 2019 ж. 1 648 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930