Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Шектінің шайыр жорғасы

Шектінің шайыр жорғасы

Аудандық мәдениет орталығында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Сыр – Алаштың анасы Қызылорда қаласының 200 жылдық, Астана қаласының 20 жылдық және Сыр сүлейі, халық ақыны Байназар Өтепұлының туғанына 115 жыл толуына арналған «Шектінің шайыр жорғасы» атты облыстық жыршы-термешілер фестивалі өтті. Оған Қызылорда облысы мен барлық аудандардан жыршы-термешілер жиналды.
Шараға келгендер алдымен аудандық орталық кітапхана ұйымдастырған ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған көрмемен танысты. Фестивалге қатысушылардың жасына шек қойылмады. Сахна төріне шақырылған өнерпаздарға аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай сәттілік тілеп, көрермендерге керемет кеш сыйлайтындықтарына сенім білдірді. Жыршы-термешілер бірінші кезеңде ақынның шығармашылығынан, екінші кезеңде Сыр бойында өмір сүрген сүлейлердің жыр-термелерін орындады.
«Халқыма қадірменді сөзім жетсе, Болат та, арманым жоқ мұнан басқа» деп жырлап, шығармасымен бүкіл қазақтың өмірін барлық жағынан қамтып, ұлттық дәстүр желісінен бастау алатын туындыларымен саналы ғұмырын халықтың өнегелі өмір жолын таңдауына бағыттаған Байназар ақын 1903 жылы Сарытөбе биігінде дүниеге келген. Алғаш ауыл молдаларынан сауатын ашқан ол 1918 жылы 15 жасында Қазалы қаласындағы татар медресесінде бір жарым жыл оқып, түрлі пәндерден білім алған. 1920 жылы орынборлық ұстаздар тәлім беретін Қазалы қаласында қазіргі орыс мектебі жанынан ашылған мұғалімдер даярлайтын бір жылдық курс оның бағытын жаңа арнаға бұрып, өмірлік азығына айналған. Онан соң мектеп мұғалімі, меңгерушісі, оқу бөлімінің инспекторы, болыстың жауапты хатшысы, балық кооперациясының төрағасы қызметтердің қай-қайсысын да абыроймен атқарған.
Зерделі жыр жампозы жазған арнау-толғаулар, өлеңдер мен термелері, өсиет-нақылға құрылған, тағылымдық мысалдарының қай қайсысы да адалдыққа, еңбексүйгіштік, отансүйгіштікке баулиды. Ақынның Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан мен тылды біріктірген жалынды өлеңдері ел еңсесін көтеріп, тыл еңбекшілеріне күш-қуат берсе, туған жер, ел, ұлттық мінез-құлық, тарихи танымды байытатын шығармалары жаңаша ойлауға жетелейді.
Оның артында өшпейтін мол мұрасы қалды. Міне, сол рухани қазынаны халық жадынан өшірмей, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші жыршы-термешілер сахнаның сәнін келтіріп, құлақ құрышын қандырды. Кеш соңында барлық қатысушыларға аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
22 қазан 2018 ж. 1 223 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930